29
апрель
2026
IQ Nature" интеллектуалды ойыны өткізілді.
Шаян" мектеп-лицейінде интеллектуалды ойын өтті! ⚛️🌿 13.11.2025 ж. күні «Шаян» мектеп-лицейі КММ-де «Ғылыми таным: табиғатты зерттеу үштігі» атты химия, биология және физика пәндері апталығы аясында 8-9 сынып оқушылары арасында "IQ Nature" интеллектуалды ойыны өткізілді. Оқушылар үш топқа бөлініп (Ньютон, Паскаль, Архимед), білімдерін, ойлау қабілеттерін және тапқырлықтарын сынға салды. Ойын 4 кезеңнен тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша Ньютон тобы 198 ұпай жинап, жеңіске жетті! Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталып, жоғары көңіл-күйде тарасты. Интеллектуалды сайыс оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, командалық жұмысқа үйретті. #ШаянМектепЛицейі #ҒылымиАпталық #IQNature #БілімдіҰрпақ ![]() |
