10.11-15.11.2025 ж күндер аралығында «Шаян» мектеп-лицейінде химия, биология және физика пәндер бірлестігінің апталығы өткізілді. Апталық барысында бірінші күні апталық ашылуымен басталды. Әрі қарай әр пән бойынша түрлі викторинарлық сұрақтар, қызықты сабақтар, зияткерлік ойындар, ғылыми тәжірибелер, макеттер жасаумен шығармашылық көрмелер ұйымдастырылды. Викторинарлық сұрақтарға оқушылар белсене қатысып, дұрыс жауап бергендер тәттілерін алды. Тәжірбие жасау барысында оқушылар пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып, өз білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік алды. «IQ Nature» интеллектуалды ойыны өткізілді. Бұл интеллектуалды сайысқа 8-9сынып оқушылары қатысты.Химия, биология және физика пәндерінен түрлі сұрақтар, формулалар, терминдер және ғалымдар аты бойынша сайыстар болды. Бұл сайыстар оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Апталық соңы түрлі макеттер мен қаырға газеттерін шығару мен аяқталды. Оқушылар сыныппен бірге макеттер жасап келіп қорғады. Апта бойы белсене ат салысқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды. Апталық өз дәрежесінде өтілді. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты, ғылымға құштарлығы дамыды, мұғалімдер мен оқушылар арасында шығармашылық байланыс нығайды.
  |
|