Мектебімізде «Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті » ашылды. » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде «Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті » ашылды.
27
январь
2026

Мектебімізде «Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті » ашылды.

«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға сапалы білім беру мен кешенді қолдау көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті» ашылды. Кабинеттің қызметі: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиялык дамуын колдауға, оқу-тәрбие үдерісіне бейімделуіне жағдай жасауға, мәдениетке баулуға, танымдық қабілеттерін дамытуға, әлеуметтік ортаға сәтті кірігуіне және қоғаммен өзара әрекеттесуге бағытталған. Кабинетте педагог-психолог, педагог-дефектолог және педагог-логопед мамандар балаларға жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарын, кеңес беру, диагностикалық жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар кабинет меңгерушісі, әдіскер және тиісті мамандар ата-аналар мен педагогтерге әдістемелік және психологиялық көмек көрсетуде. Кабинет жұмысын бастағалы ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып жұмыстар жандануда.