«Меңгеруші» бос лауазымы, 1 бірлік конкурс жариялайды
«Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян» мектеп-лицей» КММ-сі «Меңгеруші» бос лауазымына конкурс жариялайды
1 | Білім беру ұйымының атауы | Түркістан облысы білім басқармасы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян» мектеп-лицей»КММ |
орналасқан жері, пошталық мекенжайы | Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Б.Қарашаұлы көшесі № 88 телефон нөмірлері: 8 (725-48) 2-17-88, электрондық пошта Shayan_litzei@mail.ru | |
2 | Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі | «Меңгеруші» бос лауазымы, 1 бірлік |
негізгі лауазымдық міндеттері | Инклюзивті қолдау орталық (кабинет)қызметін басқарады, тұтас оқу-тәрбие процесі шеңберінде арнайы педагогтердің және басқа да қызметкерлердің жұмысын бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу бойынша жұмысты үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасын бақылауды жүзеге асырады. Білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, педагогикалық тәжірибені таратуға,мамандардың біліктілігін арттыруға, педагогтар мен білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие, әдістемелік, мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қағидаларын, санитариялық және өртке қарсы қағидаларды сақтауды бақылауды жүзеге асырады. Орталықтың және білім алушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді. | |
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары | - еңбек өтілі мен біліктілік санатына сəйкес төленеді; - жоғары білім (min): 155379теңге; - жоғары білім (max): 188650 теңге | |
3 | Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары | жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі 5 жыл. |
4 | Құжаттарды қабылдау мерзімі | 17.11.2025 -25.11.2025 жыл |
Конкурс өтетін күн | 02.12.2025 жыл | |
5 | Қажетті құжаттар тізбесі | 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4)Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8)наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10)ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат. 11)осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. |