Конкурс жариялайды «Педагог-ассистент » бос лауазымы, 1 бірлік » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс жариялайды «Педагог-ассистент » бос лауазымы, 1 бірлік
05
сентябрь
2025

Конкурс жариялайды «Педагог-ассистент » бос лауазымы, 1 бірлік

«Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян»  мектеп-лицей» КММ-сі  педагог-ассистент  бос   лауазымына конкурс жариялайды


1

Білім беру ұйымының атауы

Түркістан облысы     білім басқармасы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян»  мектеп-лицей»КММ 

орналасқан жері, пошталық 

мекенжайы

Қазақстан Республикасы,     Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Б.Қарашаұлы көшесі  №       88

телефон нөмірлері:     8 (725-48) 2-17-88, 

электрондық пошта Shayan_litzei@mail.ru

2

Бос немесе уақытша бос     лауазымның  атауы, жүктемесі

«Педагог-ассистент » бос лауазымы, 1 бірлік


негізгі лауазымдық

міндеттері


-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;              -балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады; 

-білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;        -оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді; 

-ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды; белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.


Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен 

шарттары


- еңбек өтілі мен біліктілік санатына сəйкес төленеді;

- арнайы орта білім (min): 161574 теңге;

- жоғары білім (min): 171307 теңге

3

Педагогтердің үлгілік біліктілік 

сипаттамаларымен бекітілген 

кандидатқа

қойылатын біліктілік талаптары


жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін педагогикалық  жұмыс өтілі 5 жыл.

4

Құжаттарды қабылдау мерзімі 

 26.08.2025 -04.09.2025 жыл


Конкурс өтетін күн

12.09.2025 жыл

5

Қажетті құжаттар тізбесі

1)15-қосымшаға сəйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куəландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған 

электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы(нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға 

қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес білімі туралы құжаттардың  көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификаты немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куəлік (болған жағдайда);

10) 16-қосымшаға сəйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

11)тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыруы) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратылымдылығы -720х480.