Конкурс жариялайды. Қосымша білім беру педегогі
«Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян» мектеп-лицей» КММ-сі қосымша білім беру педагогы уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды
1 | Білім беру ұйымының атауы | Түркістан облысы білім басқармасы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян» мектеп-лицей»КММ |
орналасқан жері, пошталық мекенжайы | Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Б.Қарашаұлы көшесі №88, телефон нөмірлері: 8 (725-48) 2-17-88, электрондық пошта Shayan_litzei@mail.ru | |
2 | Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі | «Қосымша білім беру педагогы» уақытша бос лауазымы. Мерзімі 2024 жылдың қыркүйек айына дейін. (1 бірлік) |
Негізгі лауазымдық міндеттері | Лауазымдық міндеттері: қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады; үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды; қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; белгіленген құжаттаманы жүргізеді; психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды; білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды; дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды; әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады; сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады; ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді; әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады; жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады. | |
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары | - еңбек өтілі мен біліктілік санатына сəйкес төленеді; - арнайы орта білім (min): 161574 теңге; - жоғары білім (min): 171307 теңге | |
3 | Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары | тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл; |
4 | Құжаттарды қабылдау мерзімі | 11-18. 01.2024жыл |
Конкурс өтетін күн | 26.01.2024 жыл | |
5 | Қажетті құжаттар тізбесі | 1) 15-қосымшаға сəйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куəландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы(нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;. 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификаты немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куəлік (болған жағдайда); 10) 16-қосымшаға сəйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы 11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыруы) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратылымдылығы -720х480. |