7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
“Шаян” мектеп-лицей” КММ-де 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ер азаматтарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында ел қорғаған азаматтардың ерлігі дәріптеліп, мектеп ұжымындағы ер азаматтарға құрмет көрсетілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру, ерлік пен батырлықты насихаттау, Отан алдындағы жауапкершілікті сезіндіру. Мерекеде жылы лебіздер айтылып, әсем әндер шырқалып, ер азаматтарға ізгі тілектер арналды.