"Ұлы Жеңістің 81жылдығына" орай "Шаян мектеп-лицей" оқушылары арасында спорттың "Жеңіл атлетика" түрінен сыныпаралық жарыс өтті. Дене шынықтыру пәні бірлестігі ұйымдастырған спорттық іс-шараға "100 метрге уақыт есебімен жүгіру", " Орнынан екпін алып ұзындыққа секіру" және " Эстафета 4×100 м" түрлері бойынша өте тартысты бәсекеге оқушылар жекелей,командалық есепте жоғары даярлықпен қатысты. Өте тартысты өткен жеңіл атлетика жарысында өзара жүлделі орындарға ие болған көптеген жас спортшылар: 10 Б сыныбынан Ғалымжанұлы Ердос, 9 А сын. Аманали Айсағали, 9 Б сын. Асылхан Нұрасыл, 8 Б сын. Лесбай Нұрасылхан, 10 Б сын. Сағымбек Арайлым, 9 А сын.Бекбосынова Елдана, 8 В сын. Дәулетханқызы Жансезім және 8 В сын. Тұрдалы Шынар жүлделі орындарға ие болды. Спорттық сайыста белсенді түрде көзге түскен бірнеше жүлдегер оқушылар мектеп құрама командасына мүше болып қабылданды. Алдағы уақытта өткізілетін көптеген ірі жарыстарда да оқушыларымызға толағай табыс пен жеңістер тілейміз.
|