"Нашақорлықтың алдын алу,есірткімен күрес"
"Ел Тәуелсіздігінің 32 жылдығына" орай және мектепте "Нашақорлықтың алдын алу,есірткімен күрес" ұранымен "Шаян" мектеп лицей" оқушылары арасында спорттың Баскетбол түрінен сыныпаралық жарыс өткізілді.Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға мектебіміздің түлегі Қазақ күресінен әлем чемпионы,қазіргі таңда аудандық спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып жатқан ТӨЛЕНБАЙ ҚАСЫМХАН келіп,жас спортшы өрендерге сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.Сонымен қызықты да тартысты өткен жарыста жүлделі 3-орынды 7А сыныбы иеленсе,финалдық кездесуде 7В сыныбы командасы 7Б құрамасын жеңіп чемпион атанды.Жеңімпаз командалар мектеп әкімшілігінің ұсынған мақтау қағаздары және медальдарымен марапатталды.Іс-шараның қорытындысында жас баскетболшыларға алдағы үлкен жарыстар мен сайыстарда жеңіс тұғырынан көріне берулері міндеттелді. |