«Желтоқсан –ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2022

«Желтоқсан –ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші»

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуметті дамыту бөліміне қарасты

Шаян көп салалы лицей жалпы орта мектебі КММ бойынша 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Аталған мерекеге орай дене шынықтыру пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Желтоқсан –ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» атты мерекесіне байланысты мектебімізде негізгі сыныптар арасында спорттық эстафеталық жарыстар болып өтті. Аталған жарысқа 9 А, Ә, Б сыныптары орасан зор дайындықпен келді. Спорттық арқан тартыс; доппен кедергілер арасынан секіріп өту; ракеткамен шарды алып жүру және есеп шығару; қаппен секіру; баскетбол добын кедергі арасымен алып жүру шеңберге допты салу; капитандар сайысы қол күрес (1ұл - 1қыз) түрлерінен сайыстар өтті. Жарысқа қатысқан жас спортшылар өз шеберліктерін шыңдай білді. Қызықты да тартысты өткен спорттық сайыстар нәтижесі бойынша жүлделі 1-орынды 9 Ә «Барыс» командасы, 2-орынды 9 А « Сұңқар» командасы, 3-орынды 9 Б «Қыран» командасы .

Жарысқа қатысқан жас спортшылар мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапаталды.