«Абайлаңыз - балалар!» жол қауіпсіздік ережесі » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2022

«Абайлаңыз - балалар!» жол қауіпсіздік ережесі

 облысы , Бәйдібек ауданының адам әлеуетті дамыту бөліміне карасты Шаян көп салалы лицей – жалпы орта мектебінде 2021 жылдың 06-10 қыркүйек аралығында автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында «Абайлаңыз - балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өтті. Кең ауқымды іс – шараның ашылу рәсімі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Айтуаровтың басшылығымен ашылды. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.Жунисбекова «Абайлаңыз - балалар!» атты жедел-профилактикалық іс – шараның жоспарымен таныстырып өтті. Ғ.Бегманова «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында баяндама оқыды.

07.09.2021 жылы «Біз жолда жүру ережесін білеміз!» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сурет сайысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 3 «Ә» сыныбынан ерекше көзге түскен Әлімжанқызы Жанел үздік суретші атанып жүлделі І-ші орынды, 3 «В» сыныбы ІІ-ші, 1 «А» сыныбы ІІІ- ші орындармен марапатталды.

08.09.2021 жылы «Жол бойында ойнау қауіпті» тақырыбында 1- сынып оқушыларына Әртүрлі бояулармен безендірілген қойылым балаларды көшеде өзін қалай ұстау керектігіне және өз бетінше жол қозғалысы қатысушысы болуға үйретіп, жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығын оқушыларға сұрақ-жауап сайыстарын ұйымдастыру, жұмбақтар қою арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар 4«Б» сынып жетекшісі Ержігіт Балжан «Қоғамдық көліктерде жүру» танымдық ойынын ұйымдастырды.Сынып іші бағдаршам, жол белгілерінің суреттерімен, плакаттарға жазылған сөздер және макеттермен безендірілді.Бұл танымдық ойынға жол полициясының өкілі қонақ ретінде шақырылып оқушылар көптеген мәліметтермен таныс болды.Сайыс өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.

09.09.2021 жылы «Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» 2-4 сыныптар арасында қойылымдар көрсетілді. 2«Б» сынып оқушылары өздерінің белсенділігін танытып жүлделі І-ші орынды, 2 «А», 2«Ә», 3 «Ә» сыныптары ІІ-орынды, 4 «А», 4 «Ә» сынып оқушылары ІІІ-орынды иеленді.

10.09.2021 жылы «Абайлаңыз, бағдаршам», «Қызыл, жасыл, сары», «Балалардың жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыптарында өнеге сағаттары, 3-4 сыныптарда «Жол тәртібін жадыңда ұста!» жол –көлік оқиғаларынан көрсетілімдер жас ерекшеліктеріне байланысты мультфильм, бейнефильмдер көрсетілді.