Патриоттық тәрбие беру » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2022

Патриоттық тәрбие беру

Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің Отансүйгіштік , елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тәрбие беру – оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру . АӘжТД пәнінің енгізілуі, оған байланысты әскери-патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, үлкенді сыйлау, парыз бетін ар-ұятты қасиет тұту сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелейді .Отанның лайықты қорғаушысы болу – күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілікті ұғынуы тиіс. Осы мақсатта 14.12.(2021ж) күні Шаян көпсалалы лицей - жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жыл толуына байланысты «Біз–болашақ Отан қорғаушылармыз» атты әскери–спорттық жарыс болып өтті.Бүгінгі оқушы ертеңгі азамат, азаматтық борыш, қадір қасиет атты ұғымдарды бала бойына сіңіре отырып жүргізілген іс-шара нәтижесінде АӘжТД пәнінен 10-11 сыныптардың алған теориялық білімдерін практика жүзінде көрсете білді .8 кезең бойынша өткізілген жарыс болып, атап айтар болсақ салтанатты шеру байқауы, саптағы әндер байқауы, кір тасын көтеру, «автоматты жартылай бөлшектеу жинау», қол күресі, арқан тартыс, жалпы әскери қорғаныш толымын плащ түрінде противагазбен кию және әскери-спорттық көрініс түрлері бойынша 10-11 сыныптардан құралған «Жасұлан» , «Жас қыран» , «Сұңқар » «Барыс» командалары қатысқан болатын . Осы жарысқа әділқазылар алқасының төрағасы болып Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, жұмылдыру бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары капитан Дәулетбаев Мейрамбек Маханбетұлы, жастар ресурстар орталығының маманы Мүтәлі Перизат, шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Молдабекова Назира өздерінің әділ бағаларын берді .