31
март
2022
Қайырымдылық акциясы
«Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 24.11.2021 жылғы № 1308 «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде іс-шаралар жоспары құрылыды. Жоспарға сәйкес 27 –ші қараша күні мүмкіндігі шектеулі балаларға демеуші есебінен қайырымдылық акицясы ұйымдастырылды. Мектебімізде 6-оқушы денсаулығына байланысты үйде оқытылады. Олардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Ата-аналар тарапынан демеушілік көрсетіп бір сәтке болсада жан жылуын сыйлай білді. 9 «А» сынып оқушысының анасы Шатырбаева Майра ханым 15 оқушыға сырт киімен, жылы қолғаптар тарту етті. Бала біздің болашағымыз, бала біздің жалғасымыз дегендей, осы балалардың жағдайларын ойлайтын, болашағына бей жай қарай алмайтын жаны жайсаң жомарт жандар өте көп. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз. Өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз!

