«Тұңғыш президент күні» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2022

«Тұңғыш президент күні»

1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні бүкілхалықтық мереке. Кемеңгер тұлға, Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегі мен көреген саясатының арқасында еліміз аз уақытта әлемдегі беделді мемлекеттер қатарына қосылды.

Егемен ел болудың күрделі құрылысын басқарып, жаңа да жас мемлекеттің іргесін қалыптастырған Елбасы әлемдік саясат ауқымына «Қазақстандық даму моделі» ұғымын енгізді.Осыған орай 30.11.2021жылы Шаян көпсалалы лицей – жалпы орта мектебінде 1 – желтоқсан «Тұңғыш президент күні» атты ашық тәрбие сағаттары өтілді. Ашық тәрбие сағаты барысында Елбасымыздың өмір жолына шолу жасап, викториналық сұрақтарға жауап беріліп, тақпақтар оқылды.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Моладабекова мен Р.Қожамжарова шәкірттерге «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын,- деген жылы лебіздерін білдірді.