«Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 24.11.2021 жылғы №1308 «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай "Шаян көпсалалы лицей - жалпы орта мектебінде іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің ұстаздары арасында "Мен Елбасымен мақтанамын!"атты патриоттық әндер байқауы болды . Әр бірлестіктен мұғалімдер ән айтып бақ сынады. Әділқазылар алқасы мектебіміздің директоры Д.Амизов, ата-аналар комитетінің төрайымы М.Ормаханова , ата -аналар комитетінің хатшысы Қ.Дәуренқұловалар болды. Бас жүлде ағылшын пәнінің мұғалімі А.Әбдеш, l-орын, химия биология физика бірлестігі Асан.С, Умирзахова.З, II-орын қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі Қ.Мамытова, III-орын орыс тілі бірлестігі М.Хожамуратова мадақтамалармен марапатталып сыйлықтар берілді.  
|