Мұғалімдер олимпиадасы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2022

Мұғалімдер олимпиадасы

    Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.  Құзіреттілік- маманның тиісті сапа деңгейі мен тиісті жағдайдағы кәсіби қызметін тиімді және кепілді атқаруына қажет жеке қасиеттер жиынтығы екендігі айқын.  Білімнің сапасын арттыруда  мұғалімнің құзіреттілік деңгейі мен пәндік білімі аса маңызды.  Биыл да наурыз айында аудан мұғалімдері арасында мұғалімдердің пән олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша аудандық кезеңде  информатика пәні мұғалімі Жанна Аязбаева І орын, биология пәні мұғалімі Сандуғаш Асан ІІІ орын,химия пәні мұғалімі Зарина Умирзахова ІІ орын,география пәні мұғалімі А.Көмекова ІІ орын, Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Жарас Махаш ІІ орын, қазақ тілі мұғалімі Қаламқас Мамытова алғыс хат алса, облыстық кезеңде информатика пәні мұғалімі Ж. Аязбаева   жүлделі ІІІ орын иеленді. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын,ұстаздар! Сіздерге ұжымымыздың атынан  шығармашылық табыс тілейміз.