05
апрель
2022
Олимпиада жеңімпаздары
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының бірінші кезеңіне мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, екінші кезеңге жолдама алған болатын. 24-29 наурыз аралығында өткен облыстық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11 -сынып оқушысы Жақсыбек Іңкәр 2-орын (пән мұғалімі А.Байбатшаева) және құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Ерсұлтан Жұмабек (пән мұғалімі М.Тулешов) жақсы нәтиже көрсеткені үшін грамотамен марапатталды. Жүлдегер шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Теги:
олимпиада жеңімпаздары