Конкурс хаттамасы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2021

Конкурс хаттамасы

ХАТТАМА

Шаян ауылы                                     № 1                                    11.12.2021 жыл.

Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогтарды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы конкурстық комиссия отырысы болып өтті.

Конкурстық комиссия құрамы: 

1.Д.Одаманова  –комиссия төрайымы;

2. А.Бишеева  -хатшы

3.А.Мейірханұлы –комиссия мүшесі; 

4.Ш.Ильясов  –  комиссия мүшесі;

5.А.Қалаубаева –комиссия мүшесі;  

6.Н.Сартай –комиссия мүшесі.


Күн тәртібі:

  1. Ағылшын тілі пәні мұғалімі бос лауазымына үміткерлер құжаттарын қарау туралы  (Хабарламашы: Д.Одаманова)

ТЫҢДАЛДЫ:  

Д.Одаманова: - 03.12.2021 жылы Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтында ағылшын тілі пәні мұғалімі бос лауазымына конкурс жарияланған болатын. Конкурсқа үміткер Өтегенова Айгерім Нұрханқызы 06.12.2021 жылы құжаттарын өткізген. Конкурсқа құжаттар өткізу мерзімі 10.12.2021 жылы аяқталды. Үміткер - Өтегенова Әйгерім Нұрханқызы. 

    Өтегенова Айгерім Нұрханқызы –жоғары білімді, 2015-2019 ж.ж Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің күндізгі бөлімін қызыл дипломмен тәмәмдаған. «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратураны қызыл дипломмен аяқтаған. Неміс тілі бойынша Германия мемлекетінде тәжірибеден өткен. «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектептегі тәжірибеге дайындау» 40 сағаттық біліктілік арттыру курсынан өткен.   ЖОО үздік аяқтағаны үшін «Педагог-модератор» біліктілік санаты  берілген. Компьютерлік бағдарламаларды меңгерген. 


СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Ш.Ильясов: - Үміткердің құжаттарымен танысып шықтым. ЖОО орнын, магистратураны қызыл дипломмен бітірген маман болғандықтан үміткерді ағылшын тілі пәні мұғалімі етіп қабылдауды ұсынамын.

Н.Сартай: - Өтегенова Айгерім Нұрханқызының құжаттарымен таныса отырып пәндік және өндірістік практикаларын өте жақсы деген  бағаға тапсырғанын , ЖББМ бойынша біліктілік арттыру курсынан өткенін және 1,5 жылдық мектеп қабырғасындағы педагогикалық стажы бар екенін ескере отырып үміткерді ағылшын тілі мұғалімі етіп қабылдауды ұсынамын.

А.Мейірханұлы: -  Үміткер  Айгерім Нұрханқызы компьютерлік бағдарламаларды жақсы меңгерген , «Педагог- модератор» санатындағы білікті маман болғандықтан ағылшын тілі мұғалімі етіп қабылдауды ұсынамын


Конкурстық комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сараптай келе комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

  1.         Кандидатты  бағалау парағы бойынша 35 балл алған үміткер Өтегенова Айгерім Нұрханқызы ағылшын тілі пән мұғалімі бос лауазымына тағайындауға ұсынылсын.
  2. Конкурс нәтижелері Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебінің интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жариялансын.


Комиссия төрайымы:                       Д.Одаманова

Мүшелері:                                          Ш.Ильясов

                                                            А.Қалаубаева

                                                           Н.Сартай

                                                            А.Мейірханұлы

  Хатшы:                                              А.Бишеева

Похожие публикации: