«Здравствуй, зимушка-зима» орыс тілі апталығы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2022

«Здравствуй, зимушка-зима» орыс тілі апталығы

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектеп" КММ-де 24-30 қараша аралығында «Здравствуй, зимушка-зима» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өтті. Оған 5-11 сынып оқушылары мен орыс тілі мен әдебиеті пән әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері қатысты.

Пән апталығының мақсаты: Оқушылардың орыс тілі мен әдебиетін оқуға мотивациясын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

24 қараша күні бірлестік жетекшісі Д.Серперованың ұйымдастыруымен апталықтың салтанатты ашылуы болды.Мектеп оқушылары тақырыпқа сай қойылым қойып, қыс туралы тақпақтар айтты. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері апталық жоспарына сай апта бойы әр түрлі іс-шаралар өткізді. Орыс тілі мен әдебиетін оқуға деген ынтаны арттыру үшін орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.Байбатшаева 8-сыныптар арасында орыс және қазақ ақындарының «Қыс» тақырыбындағы шығармаларын мәнерлеп оқу кешін ұйымдастырды. "Волшебница зима в русской поэзии" тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.Патсаева 11-сынып оқушыларымен ұлы классиктердің поэзия кешін ұйымдастырды. Кеште оқушылар ақындардың шығармаларын жатқа айтып, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар шешті. Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ұ.Есболаеваның ұйымдастыруымен «Снежинки» тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді. Оқушылар ән айтып, би билеп өте тартымды өнер көрсетті. Апта бойы "Зимние узоры" тақырыбында М.Хожамуратованың ұйымдастыруымен сурет көрмесі өткізілді. 30 желтоқсан күні апталықтың жабылуы салтанатты кеші болып өткізіліп, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы ұйымдастырылған, шығармашылық атмосферада өтті, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Пән апталығының нәтижесі бойынша орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жұмысы қорытындыланды.