1986-2026 жылдар аралығындағы 40 жылдық түлектер кездесу кеші өтті.
“Шаян”мектеп-лицей”КММ-нің 1986-2026 жылдар аралығындағы 40 жылдық түлектер кездесу кеші өтті. Мектебіміздің 1986 жылғы түлектерінің 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кездесу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Кеш барысында түлектер алтын ұя мектебімен қайта қауышып, ұстаздарға құрмет көрсетіп, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Іс-шара барысында мектеп өмірінен сыр шертетін әсерлі сәттер айтылып, оқушылар тарапынан концерттік бағдарламалар ұсынылды. Түлектер мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, білім ордасына деген ыстық ықыластарын білдірді. Кездесу кеші сыйластық пен сағынышқа толы әсерлі көңіл-күйде өтіп, мектеп тарихындағы жарқын естеліктердің бірі болды.
|
