«Ұстаз болу – мәртебе»
Ұстаз – ұлағатты есім, мәңгілік мәртебе! 🎉
26.09.2025 ж. күні «Шаян» мектеп-лицейі КММ-де химия, биология және физика пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұстаз болу – мәртебе» атты ерекше форматтағы кездесу кеші өтті.
Бұл кеш біздің мектептің ардагер ұстаздары – Есіркепова Айжан апай мен Тұрсынова Хамха ұстазымызға арналды.
✨ Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, жүректерге нұр себетін тұлға.
Білім мен парасаттың шамшырағы болған аяулы ұстаздарымыздың еңбегі – ұрпаққа мәңгі өнеге.
Кеш барысында жас мамандар Малдыбай Асылжан мен Амантай Арай, сондай-ақ оқушылар ардагер ұстаздарға жүрекжарды сұрақтарын қойып, қызықты сұхбат құрды. Шәкірттері өз ұстаздарына арнап әсем ән шырқап, алғыс пен құрметке толы лебіздерін жеткізді.
Жүректерді жылытқан естеліктер, әсерлі әңгімелер мен қызықты ойындар кештің шырайын аша түсті.
Ұстаздарымыз өздерінің өмір жолынан тағылымды оқиғаларымен бөлісіп, жас буынға ақыл-кеңестерін айтты.
Кеш соңында ұстаздарымызға сый-сияпат табысталып, ерекше құрмет көрсетілді.
Ұстаз еңбегі – ұрпақтың мәңгілік қазынасы.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың ұстазға деген құрметін арттырып, шәкірт жүрегінде мәңгі із қалдырады.
https://www.facebook.com/share/p/ 1BoPWiz9sm/?mibextid=wwXIfr ![]() ![]() |

