Бәйдібек ауданының тумасы АҚШ-тың Colorado штатында "Colorado State" университетінің 3-курс студенті
Шетелдерде оқып жүр,талай қазақ баласы... "Жастар ресурстық орталығы"КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес жастардың білімге құштарлығын ояту,таным көкжиегін өзгерту,өзі таңдаған мамандыққа сәйкес шетелде білім ұмтылысын ояту негізінде 9 қаңтар 2024 жылы Бәйдібек ауданының тумасы АҚШ-тың Colorado штатында,Fort Collins қаласының "Colorado State" университетінің 3-курс студенті Бекзат Нұрланұлымен "Шаян"мектеп-лицей" КММ-нің кәсіптік бейімделу бойынша нұсқаушы Н.Ауелбекова және 11-сынып жетекшілері мен жас түлектері еркін форматта кездесуге қатысты.Кездесуде Бекзат өзінің шетелдегі алып жатқан білімімен ондағы тың идеялармен бөлісті.Мектеп бітіруші түлектер өздерінің көкейлеріндегі сауалдарын қойды.Кездесу қызықты да танымдық ақпаратқа толы,әсерлі өтті.Кездесуді ұйымдастырған "Жастар ресурстық орталығы"КММ-нің басшысы мен мамандарына алғысымыз шексіз. |