12
апрель
2022
«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шаян көпсалалы лицей – жалпы орта мектебі» коммуналдық мемелкеттік мекемесінде 2021 жылдың желтоқсан айының жетісі күні «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акция аясында мектепшілік «Ана мен бала құқығын қорғау» тақырыбында ата - аналар арасында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Суйеубекова Айкерим Нургалиевна, Мүтәлі Перизат —аудандық жастар ресурстық орталығы "Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторы қызметінің" психологы және мектебіміздің 8,9,10 сыныптардын ата-аналары қатысты. Іс-шарада мектеп психологы «Ана мен бала құқығын қорғау» тақырыбында баяндама оқып, оқушылар арасында алынған сауалнамалар қорытындысын слайд арқылы түсіндірілді. Оқушы мен ата-ананы қатыстыра отырып психологиялық тренигтер өткізілді. Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Суйеубекова Айкерим Нургалиевна зорлық-зомбылықты алдын алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудандық жастар ресурстық орталығы "Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторы қызметінің" психологы М.Перизат ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас бойынша пікір талас жүргізді.Ата-аналар жарыс сөзге шықты.

