«Құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды» аудандық полиция бөлімінің уақытша тұрақталған тұлғаларды ұстау камераларына бару жұмыстары ұйымдастырылды
"Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 19.01.2022 жылғы №12 санды хатына сәйкес "Біз және заң" тақырыбында онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес «Шаян көпсалалы лицей –жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2022 жылдың 20 қаңтар күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Молдабекова мен АӘД жетекшісі А.Жанысбаевтардың ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы «құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды» аудандық полиция бөлімінің уақытша тұрақталған тұлғаларды ұстау камераларына бару жұмыстары ұйымдастырылды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы екендігін түсіндіру мақсатында жұмыстар атқарылуда. |
