Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға педагогикалық- психологиялық қолдау көрсету » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға педагогикалық- психологиялық қолдау көрсету
11
апрель
2022

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға педагогикалық- психологиялық қолдау көрсету

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық  адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде  2022 жылдың  25- ақпан айында  «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарында  педагогикалық  психологиялық  қолдау көрсету»  тақырыбында  әдіскер  Ғ.Әмірбекованың  басшылығымен  аудандық  семинар  өтті. Семинар мақсаты: Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік   танымға  қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының  қалыптасуы мен дамуы,      
 оқыту  іс-әрекетіндегі  негізгі  білімділік   және біліктілік  дағдыларын үйрену   үшін    жағдай    жасау  болатын.  Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің  әдіскері Ғ.Әмірбекова  «Білім беру ұйымдарында  консилиум  жұмысын  жандандыру»,    мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  Д.Одаманова мен  Н.Айтуаровтар  «Қысқа мерзімді жоспарды тез,  оңай жасаудың  жолдары  және  сол жерде  ескерілетін  негізгі қағидалар»,  мектеп психологы А.Жуандықова  «Білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарында  педагогикалық - психологиялық  қолдау көрсету»  тақырыбында  баяндамалар  оқып, аудан психологтарға  өз тәжірибелерімен бөлісті.  Инклюзивті сынып бойынша 5 -сыныпқа   қазақ әдебиетінен  «Менің атым Қожа» пән мұғалімі  Б.Джурабаева,   2 сыныпқа  өзін -өзі танудан  «Жақсы көруді  үйренеміз»  пән мұғалімі  Г.Байсыдықовалар  оқушының оқу жетістігіне жету үшін оңай әдіс тәсілдері қолдана отырып сабақ  өтті. Мектеп психологы  А.Жуандықова  «Өмірдің мәні неде?»  тақырыбында  аудан психологтарымен  тренинг  өткізді.   Семинар өз дәрежесінде өтіліп,  өте жақсы деген баға берілді.