Досбаева Нұрсәуле Зауртайқызы ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ |
Досбаева Нұрсәуле Зауртайқызы Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ұсынған биылғы Жолдауы мемлекетіміздің барлық сала бойынша тұрақты дамуын қамтитын, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында білім саласының барлық деңгейлеріндегі қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойылды. Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейтесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігінде дау жоқ. Жоғары мектеп оқытушысы өз саласының маманы болумен қатар білім стандарттарында айқындалған психологиялық, педагогикалық, ғылыми бағыттардан да жеткілікті деңгейде құзыреттіліктері қалыптасқандығын көрсете алулары тиіс. Өкінішке орай жоғары оқу орындары білім беру жүйесі қызметіне бірден араласып кететіндей мамандар дайындап отыр деп айта алмаймыз. Мысалы атап айтсақ жоғары мектептердің жас мамандары кәсіби әрекетте туындайтын мәселелерді шешуде педагогика мен психологияның жетістіктерін пайдалануға, оқыту үрдісінде жаңашылдық технологияларды қолдануға, студенттермен тәрбиелік мақсаттағы жұмыстарды, зерттеушілік жұмыстарды жүргізуге, өз бетінше білім жинақтауға қиналатындықтарын көріп жүрміз. Тіпті өзі оқыған пән саласында да терең білімдері болмайтындары кездеседі. Ал білім мекемелері мен өндірістерде жас маманды жұмысқа бейімдеу, оның ұжыммен етене болып кетуіне жағдай жасау, мамандығына көңілі толмау сезімдерінің болмауына ықпал ету ісі бүгінде өз дәрежесінде жүргізіліп отырмағаны белгілі. Оның себептері: оқу орындарында жаңашылдық үрдістердің кенжелеуі, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда формальділіктің орын алуы мен олардың өз дәрежесінде жүргізілмеуі; тәлімгерлік институттарының болмауы, оқу орындарындағы шамадан тыс қағазбастылық, керісінше міндеттер ауқымының молдығы, жастардың педагогикалық қызметке деген қырсыздығы, онымен айналысуды мансұқ етпеуі т.б.с.с. Алайда болашақты ойлаған әр басшының, аға буын өкілінің, мамандығын сүйетін майталман ұстаздың жастарды тәрбиелеуге бей-жай қарамайтындығына сенім жоқ емес. Заманауи оқытушы – әрқашан да кәсіби деңгейі жоғары, педагогикалық дәстүрлі әдістер мен жаңа технологияларды жақсы білетін әрі оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана алатын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, білімін үздіксіз толықтырып, шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім алушылардың бәсекеге қабілетті маман болып шығуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты білім беретін, оқу-тәрбие ісін меңгерген тұлға. Арнайы педагогикалық білімі мен жұмыс өтілі жоқ, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, оқушылардың сүйікті оқытушысына айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы орайда жас маманға әдістемелік, педагогикалық-психологиялық көмек қажет. Жас оқытушылар мектебі – арнайы педагогикалық білімі жоқ жас мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, педагогикалық шеберлігін шыңдау, психологиялық қолдау, бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде атқаратын бірлестік. Жас оқытушылар мектебінің жұмысын ұйымдастыру үшін педагогикалық жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес, іс-тәжірибесі мол, озат педагог оқытушы жетекші болып тағайындалады. Оқу жылы басында мектептің жоспары құрылады. Оқу жылы барысында мектеп тарапынан жас мамандарға арналған семинар сабақтар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар,озат оқытушылардың іс-тәжірибесімен танысу мастер-класстары, кездесулер, дискуссиялар өткізіледі, өзара сабаққа, ашық сабақтарға қатысу, қатысқан сабаққа әдістемелік талдау жасауды үйрету, педагогикалық этиканы, сөйлеу мәдениетін ұстану жайлы мол мағлұмат беру жұмыстары жүргізіледі. Жаңа жұмысқа кіріскен жас маман өнегелі ұстаз болуы үшін жас оқытушылар мектебінің жұмысы үш бағытта жүргізіледі: Бейімделу жұмысы. Кәсіби жеке стилін қалыптастыру: жас маманды ұжыммен таныстыру, оқу орнымен танысу; жас мамандарға тәлімгенрлер тағайындау; қиындықтарын анықтауға сауалнама жүргізу; құжаттармен танысу; әдістемелік нұсқау беру; күнтізбелік, сабақ жоспарларын құруға, өзара сабаққа қатысу,талдау жасау, бақылау жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету. Өзін–өзі дамыту. Педагогикалық шығармашылықты дамыту: ізденетін әдістемелік тақырыбын анықтау; педагогикалық жаңалықтармен танысу; білімін жетілдіру курстарына қатысу; семинар, дөңгелек үстел, пікіралмасуларға үнемі қатысу; өзара сабаққа қатысу; жас оқытушыларға арналған сайыстарға қатысу. Психологиялық көмек. Жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту: психологиялық кеңестер алу; қиын сұрақтарды ортаға салу, бірлесіп шешім қабылдау. Бүгінгі жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті жас мамандар – ертеңгі ел басқарар азаматтар. Еліміздің ертеңі жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында. ХХІ ғасыр – жаңалықтар ғасыры. Еліміздегі ірі өзгерістер, қоғамдағы жаңалықтар – білім ордаларында, мектептерде де өз көрінісін тауып келеді. Жас мамандарға тағы да қай кезде де ізденіп, қажетті білімді сұрап үйрену. Жас мамандар тарапынан білуге ұмтылу. Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына, білікті мұғалімдердің іс-шараларына қатысу ұсыныс етілді. Осы жұмыстың жалғасы ретінде мектеп әкімшілігінің ұйғарымымен мектеп жас мұғалімдерінің оқу үдерісіндегі қиындықтары мен тың идеяларын еңгізудегі іс-тәжірибелерімен бөлісу, педагогикалық іс-әрекетте кездескен қиындықтар мен проблемаларды зерделеу және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру мақсатында мектепте «Пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг өтті. Коучиенгті талдау барысында мыналар анықталды: Жас мамандарға сабақ түрлері, типіне байланысты ақпараттар беріліп, талданды. Берілген ақпараттарды бекіту мақсатында экраннан роликтер көрсетіліп, жас мамандар сабақтың қандай түрі екенін ажыратты. Сабақ түрін ажырата отырып, салыстырмалы түрде екі сабақты талдады. Талдау барысында жас мамандардың сөзге жұтаңдығы, мақсатты түрде сабаққа қатысу керектігін білмейтіні, сабақ талдаудың түрлерін қалай ұйымдастыруға болатындығымен таныс еместігі байқалды. Сол себепті сабақты талдаудың мақсаттары қалай болу керек, сабақты қалай бағалауға болады деген сұрақтарға жауап іздедік. Сабаққа өз бетінше талдау жасау үлгісі көрсетіліп, өз сабақтарын жас мамандар кезек-кезек әріптестері алдында қорғады. Сабақ қорғау барысында да жас мамандардың әлсіздігі, сауатты жеткізулері жетіспей жатты. Болашақта ескеру керек нәрселер туралы оқу ісінің меңгерушісі егжей-тегжейлі түрде жеткізді. Қазіргі заманда мұғалімге қойылатын талап жоғары. Сол талаптардың ішінде мұғалімнің өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын жеткізуге мүмкіндік беретін эссе жаза білу керектігі енгізіліп келеді. Ал біз эссе жазуды байқаудың бағалау тәсілі етіп бөлімдеріміздің бірі ретінде алған болатынбыз. Жас мамандарға мұғалімнің құндылықтары баяндалатын фильм көрсетіліп фильмнен түйген ойлары эсседе өрбітілді.Эссенің бағытын түсінбегендері фильмді баяндау түрінде жазған Тренинг өткізу барысында жас мамандардың психологиялық сауаттылығы, мақсаты мен міндеттерін айқын қоюы, аудиториямен қарым-қатынас жасай алуы бағаланды. Барлық айтылған ұсыныстарды ескеру, олардан нәтиже шығару жас мамандардың қатерлеріне берілді. |