Самендирова Хатира Жаңабекқызы БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Самендирова Хатира Жаңабекқызы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ұстаз ойшыл болмаса, шәкірт ұшқыр болмайды.
Халық даналығы
Заманауи білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық коммуникативтік технологиямен қамтамасыз етілуін, білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Осы уақытқа дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:мақсат
—> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, ал қазір заман ағымына сай оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгеріп отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты - оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіру болып табылады. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге де- ген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей бай- ланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.
Өз сыныбымдағы негізгі мәселе оқушылырдың өз ойын толық жеткізе алмауы, тілдік дағдылары толық жетілмегендігі, өз ана тілінде еркін сөйлей алмауынан білім алушылардың оқу материалын толық меңгере алмауына әкеп соқты. Сондықтан өз тәжірибеме оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, диалогтық оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдана отырып оң нәтиже беретіндігін түсіндім.
Педагогикалық тәжірибе өзектілігі оқыту не- месе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі оқытуда көбінесе мұғалімдер оқу диалогы орнына оқу монологын пайдаланады. Бұл кезеңде оқушылардың еркін пікірін тыңдау сирек кездеседі.
Оқытудағы тәсілдер мен әдістер түбегейлі өзгеруде. Қазіргі заман оқушысы оқу бағдарламасының білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп, оқып үйренуі керек. Ол өзінің оқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқу оқуға дайындығын және оқуға икемділігін жоспарлауы тиіс. Сондықтан оқушы мен оқытушының бірлескен оқыту әдісі монологтан диалогқа қарай ауысуы қажет деп ойлаймын. Тәжірибенің жетекші педагогикалық идеясы - сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігіне дәлелдер бар. Олар:
- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
- басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
- оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
- мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысын- да олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Қазіргі таңда оқушылырдың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту бүгінгі күннің басты тала- бы болып табылады. Тіл дамыту тіл үйретудегі қарым қатынас құралын іске асыру оқушылардың тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Сөйлеу үшін жеткілікті, белсенді қоры болуы керек. Себебі сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Мен бастауыш сы- нып ұстазы болғандықтан оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытудағы бірден бір себепкерімін деп ойлаймын.Себебі ол ұстаздың мақсаты - оқушылырға сөйлеу мәдениетін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру.
Мұғалім оқу үрдісінде белсенді оқу стратегия- ларын тиімді қолдану оқушының кез келген мате-
риалды жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Сондықтан белсенді оқыту стратегияларын іс-тәжірибемде қолданамын. Қай сыныпта болмасын білімді меңгеру оқушының оқу мақсатын түсінуіне байланысты. Білім беру жүйесінде күнделікті сабақ барысында оқу мақсатын түсінген оқушы тақырыпқа байла- нысты тапсырманы орындай алады. Бұл үшін жаңа тақырыппен жұмыста ең алдымен оқушыларға дұрыс нұсқау беремін. Оқушылардың ерекше назар аудара- тын мәселелерді назардан тыс қалдырмауына жағдай жасаймын. Белсенді оқу құрылымы оқудың уәжінен, мақсаты мен шартынан және нәтижесiнен құрылады. Белсенді оқыту мен оқу үрдісінің қажеттiлiгiнен және оқушының білімге қызығуынан туындайды. Ал белсенді оқуға ұмтылу үшін ықылас, уәж қажет. Уәж белсенді оқу үрдісін дұрыс меңгеруге бағыттайтын күш. Оқушы мақсаты – алда орындалатын іс-қимыл әрекеттің нақты көрінісін көрген соң нәтижеге жету. Менің мақсатым – тақырып бойынша сұрақтар бере отырып оларды қызықтыратын ақпарат алуға жете- лейу арқылы нәтижеге жетуге ықпал жасап отыра- мын.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда, яғни айты- лым, тыңдалым, жазылым, оқылымға үйрету бары- сында алдымен көрсету және модельдеу өте тиімді. Сөздерді дұрыс айту, ақпаратты дұрыс қабылдау үшін қалай айту жөнінде мұғалім үлгісін көрсеткен жағдайда оқушы орындай алады. Менің құрастырған
«Әріптер сыры» атты оқу бағдарламамның мақсаты да оқушылардың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктерін негізделе отырып жүзеге асырыла- тын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді. Бағдарлама белсенді іс-әрекет тәсілдеме –нәтижеге жеткізетін ең негізгі тәсілдеме, өйткені адамның жанында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолынан жасағаны ғана қалады. Қытай ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең
– ұмытып қаламын,көрсетсең –есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң –үйренемін деген тұжырымдамадан көруге болады. «Әріптер сыры» бағдарламасы білімді іздену дағдыларын (ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау,жазу, пікірлесу, пікір таластыру) басшылыққа алдым.
Белсенді оқу стратегияларын қолдануда оқушының түсiну, тереңдiк деңгейi оның алдына қойған мақсатына байланысты. Яғни, мәтiн негiзiнен не туралы екендiгiн, оның негiзгi мағынасын егжей- тегжейiне жете түсiну.
Белсенді оқу әрекетiнiң тиімділігі мақсаты мен уәжінде, яғни қиындық-кедергілерді жеңе отырып, белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзу. Ал белсенді оқу үрдісіндегі нәтиже дегенiмiз ақпаратты нақты әрi терең түсiну және мазмұнын айта бiлу.
Мысалы, «Қызыл телпек» ертегісінің мазмұнын жоспар бойынша баяндау үшін оқиға карта құрастыру немесе ашық сұрақтар қою арқылы ойландыруға бағыттау. Негізгі мақсат ертегіден басты ойды анықтай алу.
Оқушылар мәтінді оқи отырып, терең зерделеуге үйренеді және ойын жинақтай отырып, негізгі про- блемасын табады да, шешімін айтады. Бұл қысқа
да нұсқа жұмыс болғанымен оқушының өз ойын жинақтай білуге үйретеді. Сонымен қатар, белсенді стратегияларды қолдануда бірлескен оқудың да маңызы зор. Өйткені, бұл стратегияны тиімді пайда- лану оқушылардың тақырыпқа сай ақпарат алуымен қатар олардың белгілі бір тақырыпқа байланысты ойлау деңгейлерін жетілдіреді де, бір-бірімен өзара жақсы қатынас орнатуды жақсартады. Бастауыш сы- ныпта белсенді оқытудың алғашқы кезеңiнде кесте бойынша моделiн: бiрiншi тыңдау – ауызша сөйлеу, содан кейiн оқуға үйрету деп айтуға болады.
Белсенді оқудың тиімділігі оқушы өзінің ой- пікірін еш бүкпесіз айтуға, сонымен қатар басқа адамның айтқан пікіріне құрметпен қарауды үйренеді. Бірлесіп оқу технологиясы оқушыларды тың идея- ларды ұсынумен қатар олардың жаңа мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады. Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу барысындағы негізгі мақсаты – қиын тап- сырмаларды орындауда, топтық жұмыстарда, ортақ тіл табысу кезінде, өзін-өзі басқара білуде қажет бола- тын дағдыларды қалыптастыру. Тыңдалым – айтылым дағдысын қалыптастыруда белсенді оқудың тиімділігі адамның ойлау қабілетін дамытады. Өйткені, оқушы айтылғанды тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.
Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары толығады. Оқу үдерісінде мұғалім оқушының неғұрлым белсенді болғанына назар аудара отырып, оқу материалын дайын күйінде бермеуі, оларға ашық сұрақ қою арқылы назарларын шоғырландырып оқу, шолу жасауы, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттауының нәтижесінде нәтижеге жетеді.
Бұл -жаңадан меңгерілген дағдыларды тәжірибеде қолдану және дамыту үшін сыныпта және үйде орындауға арналған әртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну. Сонымен қатар, коммуникативтік дағдыларды дамытуға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді, яғни олардың қызығушылықтарын оятады. Әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қою арқылы мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай оты- рып, өз ойын білдіруге және ашық қоғамның аза- маты болуға үйретеді. Шынында да оқушылардың интелектісін дамыту мақсатында интерактивті оқыту амалдарын қолдану – ақпараттың мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге ауысып отыруына мүмкіндік береді. Сұрақ қою және талқылау әдісі де сабақтың бағытына және қарқынына сәйкес тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу үшін қажет. Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушыны сөйлете алу мен пікірталас, қажетті ақпаратты іздестіру, жеке жұмыс жасау да орынды. Мақсатыма жету үшін көбінесе
оқытудағы диалог әдісін сабақта қолдану аясын кеңейтуді көздедім. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Ойын – ойға жетелейді» дегендей, ойын арқылы өзара қарым – қатынасқа түсіріп, сыныпта жағымды жағдайлар туғыздым. «Саңырау телефон», «Әңгімелесу» ойын- дарын тақырыпқа сай ойнатуға тырыстым.
Әдебиеттік оқу пәні оқушылар арасында бір са- рынды, берілген шығарманың мазмұнын айту мен сыныптағы жаппай тізбектеп оқумен, мұғалімнің түсіндіру монологынан тұратын. Оқушылар жаттан- ды түрде шығарма мазмұнын айтқаннан гөрі, сол шығармадан өзіне өмірлік тәжірибе жинақтай оты- рып, автордың негізгі ойын түсінуге бейімдейтін тапсырмалар дайындаймын. Үй тапсырмасын сұраудан бұрын оқылған шығармалар мазмұны бой- ынша анкеталық сауалнама, шығарма авторына сұрақ әзірлеу, түйінін табу, сонымен қатар анықтау, талдау, жинақтау сұрақтары қамтылады.
Шығармаға басқа қандай ат қояр едің? Сұрақтары төңірегінде оқушылар өзара диалогқа түсіп, түрлі пікірлерімен, көзқарастарымен алмасады. Мысалы,
«Дөңгелек үстел» тәсілі арқылы топ ішінде оқушылар кезекпен маркерді микрофон орнына ұстап,үй тап- сырмасы туралы ауызша есеп береді. Мұғалім коман- дасы бойынша «микрофон» келесі оқушыға беріледі. Топтан қалауы бойынша бір оқушы сыныпқа үй тап- сырмасын айтады.
«Сыншымен сұхбатта» өз көзқарасын дәлелдеу, әрі құптай алуға келісу. Бұл өз дәлелдемелерімен қоса, басқаның пікірімен санасуға үйретеді.
«Күтпеген кездесу» (автормен, түрлі шығарма кейіпкермен), өз ой пікірін,тұжырымдамасын белгілі кейіпкерге жазу немесе айту. («Жусан иісі», «Мен соғысты жек көрем» «Дегелеңдегі қызыл күн»)
«Лингвистикалық микроскоп» (негізгі берілген сөздер, мәліметтер арқылы) немесе атаулы күндер арқылы өз бетімен,жұппен,топпен жұмыс жасай оты- рып, мәтінді, авторды анықтау
«Босмикрофон» ешқандай шектеусіз тақырыпқа сай айтылатын пікірлер.
«Шығарманы өз көзқарасыңмен,болжамыңмен аяқта» (өзіндік пікірін қосу,түйінді сөзбен немесе мақалмен, сөйлеммен жеткізу).
«Шығарманы ролмен ойнау» берілген шығармаларды сахналау, көрініс әзірлеу
«Алдын ала берілген атаулар»тәсілі тақырып кейіпкерлері туралы өз ойларын жазу. Мақсаты: жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру.
«Үш қадамды сұхбат» 1- қадам. Оқушылар мысалдың алғашқы бөлігін оқиды. Содан кейін жұппен сұрақтар әзірлейді.Бірінші жұп жауап береді. 2- қадам. Керісінше. 3-қадам. Екі жұп тақырып бой- ынша бірлесіп, сыныпқа қандай сұрақ әзірлейтінін талқылайды.
«Сызбамен жұмыс» берілген мәліметтерді пайда- лана отырып, автор туралы хабарлама әзірлеу.
7.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде ересектермен интерактивті
қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті даму- ына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндік сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде диалогты оқыту оқушылардың тілдік қорының мола- юына, құзыреттілігінің дамуына жақсы әсер етеді.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. 1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екендігін тілге тиек еткен.[1] Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересек- терше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Вы- готский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің
«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ТТоптық жұмыстар арұылы диалогқа тартып оқушылардың белмһсенлі қарым-ұатынас құруына жағлай жасадым. Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту үшін диалогты оқу арқылы сабақ үдерісін түрлендіру, өзара қарым – қатынасқа түсіре отырып, белсенділігін дамыту.Мы- нандай міндеттер айқындалды:
- Диалогты оқыту туралы ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасау;
- Бастауыш сыныптарда диалогты оқытудың әдіс- тәсілдерін қолдану,
- Диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануарқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті да- митынын бақылау;
Болжамы: Егер сабақ үдерісінде диалогтық оқыту тәсілі тиімді қолданылса, тілдік қарым – қатынасқа түсіретін тапсырмалар жүйелі пайдала- нылса, онда оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады, сауатты жазуға машықтанады, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі артады. Жаңашылдығы:Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде ересек- термен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын, жобала- рын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндіксөйлеумәдениетінқалыптастырады. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде диалогты оқыту оқушылардың тілдік қорының молаюына, құзыреттілігінің дамуына жақсы әсер етеді. Диалогты оқытуды бастауыш сы- ныптан бастап дамыта беру қажет. Оқушы диалогта тек тыңдаушы емес, оқу диалогының қатысушысы болады. Сабақ үрдісіндегі диалогта білім мен таным дағдылары бірге қызмет атқарып, дами түседі. Сөйлеу тілін біртіндеп дамытуда диалогтың орны ерекше.
Оқушыларды диалог арқылы талқылауға тар- ту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы
тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары бола- тынын дәлелдейтін зерттеулер көбеюде. Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктері бар. Сол мүмкіндіктерін ашуға қолайлы жайлы ортаны ұйымдастыра білу, мұғалімнің міндеті. Курстан өтпей тұрғанға дейін мен өз оқушыларымды жақсы білемін деген ойда едім, бірақ оқытудыңмен оқудың жаңа әдістері менің оқушыларымды маған басқа қырынан танытты. Топтық жұмыс маған өз оқушыларымды жан-жақты ашуға, әрқайсысының тұлғасын көре білуге, олардың мінез-құлықтарының ерекшеліктерін байқауға көмектесті. Топтық жұмыс оң нәтиже бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген белсенділігі артты. Топта өз пікірлерін ортаға салады, толықтырады, басқаның пікірін тыңдайды. Өзіне, достарына баға береді. Ең бастысы оқушыларым сабаққа ынтамен келеді.
Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің іс – тәжірибесін, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана білуімен, бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан қолдана білуімен көрінсе, ал оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Менің авторлық жұмысым 2-4 сыныптарға арналған «Математика әлемі» факультативтік курс бағдарламасы
Логикалық ойлауға қатысты математикалық есептерді шешу арқылы, ой-өрісінің, танымдық іс- әрекетінің дамуына деген баланың қызығушылығын арттырып, жалпы тұлғалық дамуын, өз бетімен жұмыс жасау, ойлау, шығармашылық тапсырмаларды шешу, сонымен қатар нақты сұрақ төңірегінде өзіндік көзқарасын дәлелдей білу қабілетін жетілдіреді.
Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының танымдық дамуына сәйкестелген, оқу мотивациясын дамыта отырып, қарапайым
математика әлемінде, математикалық білімін кеңейте, тереңдете отырып, оларға жоғарғы талап деңгейінде жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынады, басқа тұлғалар арасында өзінің тұлғалық іс-әрекетінің ең бастысы қызығушылық пен зейінін, есте сақтау қабілетін, сезімін және тілдік дамуын, пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз білімін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады.
Бағдарлама баланың математикалық ойлау бейнесінің дамуына бағытталған: нақты сөйлеу, математикалық терминдерді дұрыс қолдана білу, танымдық және шығармашылық, тұлғалық жеке бас рухани және тұлғалық қасиетінің дамуына, сенімді ортада өзінің психикалық денсаулығын нығайтады.
Аталған бағдарлама баланың шығармашылық да- муына логикалық ойлау, математикалық тілін, зейінін, математикалық жоба құрастыра білу, сараптау, ребу- старды шешу, басқатырғыштар, қорытынды шығару, ойымен бөлісу қабілетін қалыптастырады.
Бағдарламаның педагогикалық мақсаты ақыл-ой дамуының қалыптасыру тәсілдерімен түсіндіріледі: сараптау, жинақтау, салыстыру, топтасыру, толықтыру, қорытындылау.
Әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Аста- на: Елорда, 2014
- Оқыту мен оқудың белсенді әдістері. «Назар- баев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
- Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарба- ев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
- Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015