Қоршаған ортаны қорғау. Г.Бердалиева. 4 - сынып
Білім беру ұйымының атауы | Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі | |||||
Пәні: | Қазақ тілі | |||||
Бөлім: | Қоршаған ортаны қорғау | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Г.Бердалиева | |||||
Күні: | 11.03.2022ж | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | №96 сабақ. Етістік | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. | |||||
Сабақтың мақсаты | Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды, Етістік туралы білетінін еске түсіреді | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | |||
Ұйымдас тыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім Бекіту Кері байланыс | Ұйымдастыру кезеңі 1.Психологиялық дайындық: Армысың,ару Күн! Армысың жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн, Білімге білім қос! -Балалар,көңіл күйіміз қалай Өткенді қайталау Үй тапсырмасы 57-жаттығу Жұмбақты шешіп,есімдіктерді табады. Оны-ауаны «Ребус» шешу Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Етістік Қызығушылығын ояту: Мақсаты: Етістік туралы білу,мағынасын түсіну,етістіктің түрлерін білу -Мағынасын түсіндіру: (мағынасы,сұрақтары,дара,күрделі, болымды,болымсыз,негізгі,туынды) Мәтінмен жұмыс 59-жаттығу *Мәтіннің қай бөлімі ғылыми-танымдық мәтін,қай бөлігі көркем мәтін? Бірінші бөлігі көркем мәтін, ал екінші бөлігі ғылыми-танымдық мәтін. 60-жаттығу Ребустың шешуі:Етістік Балалар етістік туралы білетінін естеріне түсіреді. Етістік-заттың іс-қимылын білдіреді.Олар не істеді?, неғылды?,қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. 61- жаттығу *Жұмбақты оқып,жатқа жаз. *Етістіктердің астын сыз,дара немесе күрделі екенін айт. Көктем мен жазда Басына сары қалпақ киеді.(дара е.) Күзге қарай қалпағы Қалқып ұшып кетеді. (дара е.) Бақ-бақ. 62-жаттығу *Туынды етістіктерді теріп,жаз. жырла,ақылдас,биле,тұзда,ұсақта, ойла. Жыр-з.е ла-жұрнақ Ақыл-з.е. дас-жұрнақ Би-з.е. ле- жұрнақ Тұз-з.е. да-жұрнақ Ұсақ- сын.е. та-жұрнақ Ой-з.е. ла-жұрнақ Отанды жырла өлгенше. Анаңмен ақылдас. Ұлттық биді биле. Тамақты тұзда. Ақшаңды ұсақта. Болашағыңды ойла. 64-жаттығу *Сызбаға қарап,етістік туралы білімдерін пысықтау Үй тапсырмасы 63-жаттығу Сөйлемдерді жазып, етістіктердің астын сызу Көкті жұлма. Суға түкірме. Күлді баспа. Құстың ұясын бұзба. Балапан шығарған құсты атпа. | Шеңберде тұрып, тілектер айтады Үй тапсырмасын тексертеді Тапсырманы орындайды Ребусты шешеді Жұмбақты шешеді Туынды етістіктерді жазады Сөйлем құрастырады Етістік туралы айтады Үй тапсырмасын алады Дескриптор: Етістіктің ережесін сұрақтарын біледі 1Б Етістік түрлерін ажырата алады 1Б Кері байланыс жасайды | Мадақтаулар арқылы бағалап отыру ҚБ: Дескриптор: Ребусты шешеді-1Б Етістік туралы біледі-1Б Дескриптор: Мәтіннің бөлімдерін салыстырады-1Б Мәтіннің мазмұнын түсінеді-1Б Дескриптор: Жұмбақты шешеді-1Б Етістіктің дара,күрделі екенін айтады-1Б Дескриптор: Туынды етістіктерді тауып.жазады-1Б Оларды талдайды, сөйлем құрайды-1Б ҚБ: Дескриптор: Сызбамен жұмыс істей алады-1Б Етістік туралы білімдерін тиянақтайды-1Б | |||