29
март
2022
«Бес терек» жобасы бойынша сынып жетекшілерге қашықтықтан түсіндірме жұмыстары
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің №917 02.09.2021 ж күнгі хатына сәйкес Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде 8.09.2021 ж күні «Бес терек» жобасы бойынша сынып жетекшілерге қашықтықтан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Бес терек» жобасының бірінші кезеңі бойынша кабинеттік талдау жүргізіледі. Кабинеттік талдау бес маман яғни әлеуметтік педагог, медбике, мектеп инспекторы, сынып жетекші және мектеп психологтары бірігіп жұмыс жасайды. Осы бес маманның біреуінде тізімде тұрған бала жасыл деңгейге, екеуінде тұрған бала сары деңгейде, үш немесе төрт маманның тізімінде болса қызыл деңгейге жатқызылады. Ал осы қызыл деңгей тізіміндегі балаларды тәуекел тобына жатқызамыз. «Бес терек» жобасындағы бірінші кезеңдегі диагностика шынайы әрі тиянақты, нақты жұмыстар жүргізілу үшін сынып жетекшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы орайда сынып жетекшілерге сыныптарында тәрбиеге көнбейтін, мінез құлқында ауытқулар болып жатқан балалар болған жағдайда мектеп психологына сол баламен қосымша жұмыстар жүргізу үшін сұраныс беру керектігі ескертілді.

