Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс. Химия пәні мұғалімі: Сартай Нағима. 8- сынып » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс. Химия пәні мұғалімі: Сартай Нағима. 8- сынып
09
апрель
2022

Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс. Химия пәні мұғалімі: Сартай Нағима. 8- сынып

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс

Бөлім: 

8.2А  Зат мөлшері

Педагогтің аты-жөні:

Сартай Н.Ж

Күні:

12.11.2021 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.1.3 -масса, зат  мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Молярлық масса ұғымын, заттың молярлық массасын есептеп шығарады

Көпшілік оқушылар үшін:

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны бойынша алған білім-білік дағдыларын қалыптастыруда есептер шығара алады

Кейбір оқушылар үшін:

Молярлық және салыстырмалы молекулалық массалар сандық мәні бойынша тең болатындығын түсінеді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

2-3минут








Жеке     жұмыс

4-5 минут


Ұйымдастыру кезеңі:

«Маған... ұнайды»     жаттығуы

Мақсаты: эмпатияны  дамыту, топта  жағымды     эмоциялық  хал-ахуал  жасау.

«Дұрыс немесе бұрыс тұжырымдар»  




Мақсаты: эмпатияны  дамыту, топта  жағымды     эмоциялық  хал-ахуал  жасау.






«Зигзаг» әдісімен бағалаймын.Оқушылар  дәптердің     шетіне  «?», «+», «!» белгілерін  қояды.

Оқулық, жұмыс дәптері


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

2  минут


 (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері  беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау     жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Зат мөлшерінің шартты белгісі?


 Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?


 
Авогадро санының мәні нешеге тең?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. 

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп,  талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді


Дескриптор:                    Жалпы - 3 балл

1.Зат мөлшері.Авогадро саны бойынша есептер шығарады.

Презентация 

Жеке жұмыс  

5 мин









2  минут


«Кім жылдам»

Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.





Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Берілген зат мөлшері бойынша заттың массасын анықтау:

 Зат мөлшері 2 моль судың массасын табыңыздар.





Тапсырма№2

Зат массасы бойынша зат мөлшерін табу

Массасы 176 г көмірқышқыл газда неше моль бар?




  • Басбармақ жоғары қарай -«мен түсіндім»
  • Басбармақ  көлденең  -«мен түсінгендеймін»
  • Басбармақ төмен қарай- «мен түсінбедім»

Дескриптор:   

- Қосылыстың молярлық массасын есептейді – 1 балл

- Зат мөлшерінің  формуласы бойынша массасын есептейді – 2 балл

Дескриптор:

- Есептеуге қажетті  қосылыстың молярлық массасын есептейді – 1 балл

- Зат массасы бойынша зат мөлшерін есептейді – 2 балл


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Топтық жұмыс 

6 мин

Тапсырма №3

Топтық жұмыс– қойылған     мақсатқа  сәйкес  жоғары     нәтижеге  қол  жеткізу     үшін  топтың  әрбір     мүшесінің  іс-әрекетінің  құндылығына     мән  беру.

Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Тапсырма №3

« Континуум»  әдісі   өздерінің позициясын анықтауға мүмкіндік береді.  Оқушыларды ынталандырады.

1 – топ:Зат мөлшері  3 моль H(сутегінің) құрылымдық бірліктердің санын анықтаңдар.


 2 – топ: 2 атом  H (сутектің)     құрылымдық бірліктердің санын анықтаңдар.


3 – топ: 5 моль H2SO(күкірт қышқылындағы) құрылымдық бірліктердің санын анықтаңдар


Мен  мына үш жағдайда жетістікке жеттім деп ойлаймын.............

Мен келесі жолы мұны  тіпті жақсырақ орындай алар едім,егер....

Егер мен мұны қайта орындайтын болсам,онда мен ....жасар едім.


Дескриптор:                    Жалпы - 3 балл

1. Есептер шығару арқылы бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылайды

2.Зат мөлшерді есептеуді үйренеді

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

А3 қағазы

Маркер

Үлестірме қағаздар


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі кері байланыс алу

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін,  өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Тапсырма №4       «Т» кестесі

а)  Массасы 7 г иіс газының; (а) зат мөлшерін (b) құрылымдық бөлшектер санын есептеңіз.                               

 ә) Берілген анықтаманы толықтырыңыз:

Тұрақты қысым мен температурада әр түрлі газдардың бір молі 

___________________________________________________________________ алады

«Сен маған,-мен саған»   жаңа сабақ бойынша «Сұрақтар қорапшасына»  сұрақтарын салады.


Ақ қалпақ- фактілер, менде қандай ақпарат бар?

Жасыл қалпақ   - менде қандай идеялар бар ?

Қызыл қалпақ - менің  түйсігім маған не дейді?


Дескриптор:

а)  иіс газының зат мөлшерін анықтайды;

ә) иіс газының құрылымдық бөлшектер санын есептейді 

в) берілген анықтаманы  дұрыс толықтырып жазады