«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика сабағының жоспары. Мұғалімнің аты-жөні: Н.З.Досбаева. Сынып: 7 «А» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика сабағының жоспары. Мұғалімнің аты-жөні: Н.З.Досбаева. Сынып: 7 «А»
09
апрель
2022

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика сабағының жоспары. Мұғалімнің аты-жөні: Н.З.Досбаева. Сынып: 7 «А»

                                                   Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары:

                                                                        «Таныстым»                         Р.Жамалбекова    


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика

сабағының жоспары

Күні:04.02.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні: Н.З.Досбаева

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар саны:

Сабақ

тақырыбы

Сызықтық функция және оның графигі тақырыбына есептер шығару(бекіту сабағы)

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған алгебра

сабағының жоспары

Сабақмақсаттары

у = kx функциясының анықтамасын білу, графигін салу,

k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау.

у=kx+l түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.Оқушылардың бойында функция туралы ұғым қалыптастыру, функцияның кестемен берілуін көрсетіп, графигін сыза  білуге үйрету.

2.Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушылардыұқыптылыққа, жамандық ойламауға,өзін-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу

Құндылық:

Қасиеттер:

ДҰРЫС ӘРЕКЕТ

ұқыптылық, өзін-өзіне сенімді болу, жамандық ойламау

Сабақ барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5  минут

Ұйымдастыру . Сыртқы интеграция.(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Оқушыларды «Бір шаңырақ астында» әдісі бойынша топқа бөлу.


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.

2. 5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп      2.Талап   3.Тыныштық   

4.Тазалық      5.Татулық


Әр топ өздерінің топтарының аттарына анықтама берді. Топ басшыларын сайлап, таныстырады.

               төртбұрыш тобы


 
 

үшбұрыш тобы

шеңбер тобы   

Әр топ өздерінің топтарына белгіленген фигуралар туралы тұжырымдарды айтып өтеді. Топ басшыларын сайлап, таныстырады

-Балалар ережені еске түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап,оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап,бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


 7 сыныа Алгебра оқулығы


Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

15 минут
















































Алған білімдерін нақтылау

15 минут




































































Сергіту сәті 3 минут








Жеке жұмыс 

5 минут



























Сабақтың соңы 2 минут

Сыртқы интеграция.(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану

3. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Мұғалім сыйы:   «Адал бала» ертегісі

Ерте бір заманда таулы өлкеде бір бала өмір сүріпті.Әкесі ерте қайтыс болып, анасы біреулерге жалданып жұмыс істепті, ал бала орманда ағаш кесіп, оны базарда сатып күн көріпті.Күздің бір күнінде ағаштардың жапырақтары түсіп, суық жел аңдарды ызғарымен ініне  ықтатқанда     бала балтасын алып отынға орманға     келіпті.Ұзақ жүріп, таудағы көлге келіпті. Ал ол көлдің жағасында үлкен ағаш өсіп тұрған екен.

«Мен мына ағашта шапсам, отынға кенеліп қалармын »– деп ойлапты бала.Ағашқа балтаны сілтей бастағаны сол екен, қолындағы балтасы сусып барып көлге түсіп кетіпті.

Жағалауға отыра қалып, жылап жібереді: ол үшін бұл балта алтыннан да қымбат еді. Енді отынды немен шабады?

Бір кезде аяқ астынан өзеннің бетінде көк толқындар ойнап, судың ішінен бір кәрі Шал шыға келеді.

-Сен неге жылап отырсың?–деп сұрады.

Бала қандай пәлекетке тап болғанын айтып береді, ал шал оған:

-Сен жылама, балақай, мен сенің балтаңды тауып беремін-деді.

Осылай деген күйі шал көзден ғайып болды. Су бетінде қайтадан көк толқындай ойнай жөнелді, көп ұзамай бағанағы шал саф алтыннан жасалған балтаны балаға көрсетіп:

- Мынау ма, сенің балтаң?-деп сұрады.

Бала қолдарын сермеп:

-Ол не дегеніңіз ата, бұл менің балтам емес !-деді.

Шал мырс етті де, су астына қайта батты.Бала оны ұзақ күтеді. Біршама уақыттан соң  шал қолына күміс балтаны алып шығып, балаға ұсынды.

-«Мә, ал сенің балтаң бұл», - деді.

Ал, бала оған:«жоқ, атай, менің балтам қара темірден жасалған».

Шал қайтадан көлге түсіп, қайтадан балта ұстап шықты. Бірақ бұл жолы қолында темір балта екен.

Бала балтасын көріп қуанып кетті.

-Ата, міне менің балтам осы ғой! –деді.

Ал шал болса жымиып:

-Балам, жарайсың! Сен өзгенің затын алуға ұмтылмадың, басқаның алтыны мен күмісіне қол салмадың. Сол үшін саған үш балтаны да сыйға тартамын.Оларды базарға апарып сатсаң, өте қымбат тұрады. Бұдан былай анаң ауыр жұмыс істемесін.

Осылай айтты да балаға алтын, күміс, темір балтаны ұсынды.

Бала балтаны алып, шалға мың алғысын айта үйіне кетті.Содан кейін олар анасы екеуі өмірлерінде жоқшылық дегенді көрмепті.

1.         Ертегіден қандай ой түйдіңдер?

2.         Баланың жасаған әрекеті дұрыс па?

3.         Қандай құндылық көрініс тапты?

4.         Қандай қасиет кездеседі?

5.         Бұл ертегінің математикамен байланысы бар ма?

4. Дәйексөз:

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас. 

Сұрақ-жауап.

1.         Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Үй тапсырмасын сұрау: 

«Шеңбер» әдісі арқылы топтар бір-біріне өтілген сабақтан сұрақтар беру арқылы алған білімдерін пысықтайды және диалогқа түседі.

Сол сәтте «Аялдама» әдісі арқылы оқушылар үй тапсырмасын да тексеріп шығады.







Үйге берілген есепті шығара алу дәрежесін тексеру және талдау жасау.

1)        Функция деген не?

Функция деп тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының тек бір мәні сәйкес келетін тәуелділікті атайды.

Екі тұлғаның қарым-қатынасыдұрыс болса,онда мақсаты айқындалып, бір жерге түйіседі , жұмыстары ілгері басады.

2)        Аргумент деген не?

х тәуелсіз айнымалысы аргументдеп аталады.

«Жалғыздың шаңы шықпас»-дегенде, аргументтің функциясыз мәні болмайды

3)Функцияның анықталу облысы деген не?

Тәуелсіз айнымалы (аргумент) қабылдайтын барлық мәндер функцияның анықталу облысын құрайды.

Алма ағашының болуы,яғни алма ағашының түбіне өрік не басқа жемістер түспейді.Алма ағашының болуы анықталу облысын құрайды.

4)Функцияның мәндер жиынын қалай белгілейді? 

Е(f)-алма ағашының түбіне түскен алмалардың саны көп болса,мәндер облысының жиыны көп болады,кем болса кем болады

5)Функцияграфигі деген не?

Функция графигі  деп абсциссалары аргумент мәніне, ал ординаталары функция мәндеріне тең болатын координаталық жазықтықтың барлық нүктелерінің жиыны.

Кез-келген көшетті отырғызып,оның арық бойымен өсуін функциямен байланысын графикпен кескіндеуге болады. Бұл функцияның графигі міндетті түрде өспелі болады.

6)Қандай функция сызықтық деп аталады? Оның графигі деген не? Мысал келтіріңіз.

     түріндегі функция сызықтық функция деп аталады, мұндағы k және bқандай да бір сандар, ал x тәуелсіз айнымалы. Сызықтық функция графигі түзу болып табылады. 

7)Қандай функция турапропорционалдықдеп аталады? 

Оның графигі не? Мысал келтіріңіз   түріндегі функция тура пропорционалдық функциясы деп аталады, мұндағы  алXтәуелсіз айнымалы. Оның графигі координата басынан өтетін түзу

Жылдар арасында көшет бірқалыпты өсіп отырса,оның өсуі тура пропорционал болады.Өсу процесінің өзгеруі қарапайым функцияға келеді.

8)у=l функциясы қалай аталады?Тұрақты функция деп аталады.

Жылдар арасындағы адамның бойының өсуінің тоқтағаннан кейінгі жылдарын көрсетуге болады.

9)        у = kx функциясының  графигі қандай сызық?Түзу сызық

Шығармашылық жұмыс.( топтық, жұптық және жеке жұмыстар)

Жаңа сабақ: 

Жаңа сабаққа есептер шығармас бұрын топтардан үш ғұлама,өнертапқыш, математиктер туралы мәлімет тыңдау 

«Бұл кім?» 


Кітаппен жұмыс 

Түзу сызық-бізді қойған мақсатымызға тура, бұрылыссыз жүруге үйретеді. Біз таңдаған жолымыздан басқалардың тайдыруына жол бермеуіміз керек.

у = kx  сызықтық функция .у –сенімх- достық 

Сенім артқан сайын достық та артады. Егер       х =0  тең болса , онда у  = 0 болады . Яғни сенім жоқ жерде достық та болмайды.

 

Cөзжұмбақ “Функция ”

  1. P=2(a+b), S=ab түрінде берілген теңдіктерді қалай атаймыз?
  2. Тәуелсіз айнымалы қалай аталады?
  3. Жазықтағы нүктенің орнын табу үшін нені білуіміз керек?
  4. Екі нүктемен шектелген түзудің бір бөлігі
  5. Шеңбер сызуға арналған құрал қалай аталады?
  6. Координаталық жазықтықтағы горизонталь ось қалай аталады?
  7. Координаталық жазықтықты құрайтын осьтер өзара қалай орналасады?

Сөзжұмбақ шешу

Нәтижелерін формативті бағалаймын.Әрбір көшбасшы өзінің топ мүшелерінің белсенділігі бойынша 10 балдық жүйемен бағалайды.

Сергіту сәті:

«7 кәмпит ойыны»

Ыдысқа 7 кәмпит салынған. Балалар, 7 қазақта киелі сан болып есептеледі осы жеті саны туралы не білесіңдер?

 (әр топ 7 саны туралы білетіндерін ортаға салады) 

1.Жеті ата. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:

1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

2.     Жеті қазына: Ол жөнінде пікірталас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:

1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.5

Сабақты қорытындылау . Семантикалық карта





у=3х функциясының координаталар өстерімен қилысу нүктесі

у=3х+1                   функциясының графигіне параллель функция қайсы

у оғына симметриялы функцияны тап

Өзара қилысатын функцияны анықта


у=2х-1


у=-х функциясының графигі қай ширекте орналасқан 

у=

функциясының графигі қай ширекте орналасқан

1

( 0;2)

у=-3х

у=

у=3х+3

ІІ;ІҮ

ІІ;ІІІ

2

(0;1)

у=х

у=-2х

у=

І;ІҮ

І;ІҮ

3

(0,0)

у=2х+1

у=2х+1

у=2х+3

ІҮ;І

І;ІІІ

4

(5;0)

у=3х-1

у=-2х+2

у=2х-1

ІІ;ІІІ

ІІІ;ІҮ

5

(0;-1)

у=2х-3

у=

у=2х+3

І;ІІ

ІІ;І

6

(-1;1)

у=х

у=х-1

у=2х-4

І;ІІІ

ІІІ;ІІ

Бағалау критерилері:

 Қызыл-«8-10» -Өжеттіліктің, алғырлықтың, тапқырлықтың белгісі

 Жасыл -«6-7» -Әдемілік, әдептілік, ұқыптылықтың белгісі


 Сары: -«4-5»-Мейрімділік, күннің шуағы, ұқыптылықтың белгісі


Үй тапсырмасы№ 22.5 ,№22.6 есептер берілген функцияның графигін салыңдар және     берілген мәнге сәйкес у –тің мәнін табыңдар.


  • Кері байланыс.БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Сабақтың қорытынды тыныштық сәті

Баяу әуен қойып, оқушылар бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттеріңді естеріңе түсіріп, оны жүректеріңе сақтаңдар. Және әрқашанда түзу жолдан таймай, тек қана дұрыс әрекетте болайық. Сау болыңыздар!Оқушылар жұпта жұмыс істейді

«Нанамын-нанбаймын» стратегиясы

Рефлексия этапа:

  • Тапсырманы орындау барысында қиындықтар туды ма?
  • Қандай?
  • Тапсырманы орындау үшін қандай білім қажет?


Оқушылар «Адал бала» ертегісі бойынша өз ой-пікірлерін айтады























Қандай құндылық көрініс тапқанын,

            Қандай қасиет кездескенін,бұл ертегінің математикамен байланысы барын айтып өз ойларымен  ортаға салады


Дәйеккөзден түйген ойларымен бөліседі.




Оқушылар қойылған сұрақтарға нақты жауап беруге әрекет етеді.


1.Рене Декарт-француз математигі,белгісіз шамалардых,у,z арқылы белгілеген ғалым.Неізінен нақты сандарды зерттеді

2. Готфрид Лейбниц-неміс математигі.Функция ұғымы XVII ғасырда пайда болған.Функция терминін енгізген

3. Карл Фридрих Гаусс-грек математигі

Гаусс заңын енгізген.








































Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа қорытынды жасайды. Әр топ басшылары  өздерінің жиған стикерлері арқылы және олардың критерилері бойынша жиған балдарының арифметикалық ортасын шығарады.









Тақырыпты меңгергенін анықтау














Презентациялар




















































презентациялар





















Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 
 
 

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары. 

Қабілеті жоғары оқушыларды көшбасшылық қабілеттерін көтеруді


Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттап отыру.Бағалау парақшасын тарату.Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау.Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау.Оқушылардың жұмыс барысын,іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?  - Сабақ мақсаты нақты қойылып,қол жеткіздім

Жеткізбесе, неліктен? 

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? – оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар беріліп,бағаланатын болады.Әр балаға жеке көмек берілетін болады.Тиімді әдіс-тәсілдер қолданылады

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? - Сақталды

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.