«Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет»
Шаян” мектеп-лицей” КММ-де «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» тақырыбында ұйымдастырылған апталық өткізілді. Апталық барысында оқушылар мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігін терең түсініп, іс-шараларға белсене қатысты. Қорытынды кезеңде апталықтың нәтижелері сараланып, белсенділігімен ерекшеленіп, үздік қатысқан оқушылар марапатталды. Бұл шара жас ұрпақтың елге қызмет етуге деген қызығушылығын арттырып, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға зор ықпал етті.