«Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» тақырыбы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2026

«Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» тақырыбы

Шаян» мектеп-лицей» КММ- де     07.04.2026 ж күні «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» тақырыбындағы іс – шара аясында мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Р. Жамалбекова және кәсіптік бағдар беру педагогы  Н. Ауелбекованың басшылығымен 7 «А» сынып, сынып жетекшісі Умирзакова З және 8 «А» сынып, сынып жетекшісі Хожамуратова М ұйымдастырумен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет» тақырыбында мазмұнды әрі тартысты пікірсайыс ұйымдастырылды.

     Пікірсайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарасын еркін жеткізе білу, дәлелдер келтіру арқылы пікір қорғау дағдыларын қалыптастыру және қоғамдық-саяси сауаттылығын арттыру болды.

Пікірсайыс барысында қатысушылар екі топқа бөлінді:

1 Үкімет тобы

2 Оппозиция тобы

     Үкімет тобы мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктерге тоқталып:

- кәсібилендіру және меритократия принциптерінің енгізілуі

- цифрландыру арқылы қызметтердің қолжетімділігінің артуы

- сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес жүргізілуі

- халыққа қызмет көрсету сапасының жақсаруы туралы нақты мысалдар келтірді

      Ал оппозиция тобы:

-ұсынылған пікірлерге сыни тұрғыда қарап

- нақты дәлелдер мен қарсы аргументтер ұсынды

- кейбір мәселелердің әлі де өзекті екенін атап өтті

     Пікірсайыс өте жоғары деңгейде, белсенділікпен және өзара құрмет аясында өтті. Оқушылар өз ойларын нақты жеткізіп, қарсы тараптың пікіріне сауатты жауап бере алды.

- Қазылар алқасының шешімі бойынша:

- жеңіс оппозиция тобына берілді.

- Барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ерекше белсенділік танытты.

- Осындай шаралар оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

- Іс-шарадан естелік сәттер төменде 

#ШаянМектепЛицей

#Пікірсайыс

#МемлекеттікҚызмет

#ЖастарСаясаты

#СыниОйлау

#DebateClub

#БілімБерудегіЖаңашылдық


https://www.facebook.com/share/p/

1EQvFAsd2D/?mibextid=wwXIfr