Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты "Шаян"мектеп-лицей" КММ- сінде 10.11.2023 жылы "Қатыгездік пен зорлық -зомбылықсыз балалық шақ" республикалы
Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты "Шаян"мектеп-лицей" КММ- сінде 10.11.2023 жылы "Қатыгездік пен зорлық -зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай 10сынып оқушылар арасында мектепішілік пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыс мақсаты – оқушыларды жан жағынан сын көзбен қарап, орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы адамдармен, еркін қарым қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенді араласуға тарту. Пікірсайыс – арнайы құрылымы, ережесі бар ресми сөз таласы. Пікірсайыстың міндеттері 1) білім алушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу; Пікірсайыстың ережелерімен толықтай таныстырылды.Турнир тақырыбы: «Зорлық-зомбылық және қатігездік мәселелерін талқылау» Ойын барысында 10 «А» ,10 «Ә» сынып оқушылары ортаға шығып жеребе арқылы анықтады.Сонымен қатар ойын барысында өздерін Үкімет лидері және Оппоцизия лидер деп екіге бөлінді. Ойыншыларға төреші қатыстырылды.Сайысқа қатысушылар Мұханқызы Нұрай, Болат Әсел Орынбасар Ақтоты,Темір Мадина.Екі жақта өз позициясың қорғап, жеңіске Мұханқызы Нұрай, Болат Әсел жетті. Өз дәрежесінде ойын көрсетті. |