сінде Республика күніне орай "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" іс-шара жоспарына пікірсайыс
Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты "Шаян"мектеп-лицей" КММ- сінде Республика күніне орай "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" іс-шара жоспарына сай 10сынып оқушылар арасында мектепішілік пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыс мақсаты – оқушыларды жан жағынан сын көзбен қарап, орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы адамдармен, еркін қарым қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенді араласуға тарту. Пікірсайыс – арнайы құрылымы, ережесі бар ресми сөз таласы. Ресми пікірталасының қолданыс аясы және оның уақыты шектеулі. Ресми пікірталас бір шешіммен басталады да, екі жақты дауға ұласады. Әр топ өз көзқарасының дұрыс – бұрысына қармай, өз бағыттын дұрыс деп сендіруге тырысады. Пікірсайыстың міндеттері білім алушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу Турнир тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» Ойын барысында 10 «А» ,10 «Ә» сынып оқушылары ортаға шығып жеребе арқылы анықтады.Сонымен қатар ойын барысында өздерін Үкімет лидері және Оппоцизия лидер деп екіге бөлінді. Ойыншыларға төреші қатыстырылды.Сайысқа қатысушылар Есіркеп Даяна, Болат Әсел, Байзақ Алина,Темір Мадина. Екі жақта өз позициясың қорғап Байзақ Алина,Темір Мадина жеңіске жетті. Өз дәрежесінде ойын көрсетті |