«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2026

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы

2026 жылғы 08 сәуір күні «Шаян» лицей мектебі» КММ-де 11 -сынып оқушыларына «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

   Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға білімнің қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру, жаңа конституцияда айқындалған білім беру саласындағы басымдықтармен таныстыру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

   Сабақ барысында оқушыларға білім алудың қолжетімділігі, тегін орта білімнің маңызы, білім сапасын арттыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ ғылым мен инновацияны дамыту мәселелері түсіндірілді. Оқушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді.

   Аталған іс-шара оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға және білімнің маңызын терең түсінуге ықпал етті

https://www.facebook.com/share/p/

1HtqoRaSuT/?mibextid=wwXIfr