«Қауіпсіз балалық шақ» бағыты бойынша
Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №2348 хатына сәйкес «Шаян» мектеп – лицей» КММ-де «Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбындағы онкүндік іс-жоспарына сай 17.12.2025 жылы күні Қауіпсіз балалық шақ жобасы аясында мектептің ұстаздары мен әкімшілік құрамына (сигнальный лист) парағын толтырудың маңыздылығын түсндіріп өтті. Түсіндіру жұмысының негізгі мақсаты – білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын сақтау және түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру. Іс-шара барысында мұғалімдерге нормативтік-құқықтық құжаттар түсіндіріліп, нақты өмірлік жағдайлар бойынша мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, сынып жетекшілеріне оқушылармен және ата-аналармен профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді. Қорытындылай келе, «Қауіпсіз балалық шақ» бағыты бойынша жүргізілген түсіндіру жұмысы мұғалімдердің кәсіби жауапкершілігін арттыруға, білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
![]() |
