-«Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбын » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2026

-«Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбын

Бәйдібек ауданының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің №2348 хатына сәйкес  «Шаян» мектеп – лицей»  КММ-де     «Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбындағы онкүндік іс-жоспарына сай  18.12.2025 жылы күні Білім бөлімінің әдіскері П.Наушаеваның сенім телефоны іске қосылғандығы туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.      Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға сенім телефонының негізгі мақсаты, жұмыс істеу тәртібі және хабарласу жолдары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, сенім телефоны арқылы оқушылардың:

психологиялық қолдау алу мүмкіндігі;

буллинг, қысым көрсету, зорлық-зомбылық жағдайлары туралы хабарлау;

құқықтары мен қауіпсіздігі бойынша кеңес алу;

өздерін мазалаған мәселелерді құпия түрде жеткізу мүмкіндігі бар екені айтылды.  Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.  Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар сенім телефонының маңыздылығын түсініп, оны пайдалану жолдары туралы толық ақпарат алды.