«Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2026

«Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбы

Бәйдібек ауданының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің №2348 хатына сәйкес  «Шаян» мектеп – лицей»  КММ-де     «Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбындағы онкүндік іс-жоспарына сай  17.12.2025 жылы күні психолог тарапынан «Сенім көпірі», «Біз бірге күштіміз»     тақырыбында топтық жұмыс      ұйымдастырылды.  “Сенім көпірі” — қатысушылар арасында өзара сенім, бірлік, жауапкершілік пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған топтық жұмыс. Бұл тапсырмада ортақ мақсатқа жету үшін әр мүшенің бір-біріне сенуі, қолдауы және үйлесімді әрекет етуі басты құндылық ретінде қарастырылады.

Мақсаты:  Топ ішінде сенім атмосферасын қалыптастыру,     бірлік пен өзара қолдаудың рухани күш екенін сезіндіру, командалық жұмыс, коммуникация және жауапкершілік дағдыларын дамыту.

Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, шартты түрде “көпір” құрастырады. Көпір — сенімнің, бірліктің белгісі. Әр қатысушының үлесі маңызды, бір адам сенімсіздік танытса, көпір “берік болмайды”.

Нәтижесінде топ мүшелері сенім мен бірлік болған жерде ғана ортақ мақсатқа жетуге болатынын түсінеді, рухтың күші ұжымдық әрекетте ашылатынын сезінеді.



https://www.facebook.com/share/p/1CrDZ7PbGt/?mibextid=wwXIfr