"Бала тәрбиесі ортақ міндет"
Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №2348 хатына сәйкес «Шаян» мектеп – лицей» КММ-де «Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбындағы онкүндік іс-жоспарына сай 08.12.2025 жылы күні «Жарқын жан-жарқын өмір!» күні және «Көңіл күй ағашы» тақырыптарында іс-жоспардың ашылуы болды. Мақсаты: оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру, өзін-өзі танып, өз эмоцияларын дұрыс басқаруға үйрету, бір-біріне мейірімділік пен қолдау көрсетуге дағдыландыру. 1. «Жарқын жан – жарқын өмір» тақырыбындағы ашылу рәсімі. Он күндік іс шараның мақсат-міндеттері таныстырылып, оқушыларға позитивті ойлау, салауатты өмір салты және өз-өзіне сенім ұғымдары түсіндірілді. 2. «Көңіл-күй ағашы» психологиялық белсенділігі. Мектептің арнайы бұрышында әр оқушы өз көңіл-күйін түрлі-түсті жапырақтар арқылы ағашқа жапсырып көрсетті. Бұл жұмыс күнделікті эмоционалдық жағдайды бақылауға және өз сезімін ашық жеткізуге мүмкіндік берді. Іс-шара жалғасын табуда.
|
