«Бәйдібек ауданының білім бөлім» мемлекеттік мекемесінің 07.11.2025 жылғы №2120 санды хатына сәйкес «Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әлеуметтік қолдау-жарқын болашақ кепілі» тақырыбындағы онкүндік іс-жоспары құрылып, онкүндіктің ашылуы болып өтті. Мақсаты: Мектеп оқушыларына, ата-анларға және педагогтерге әлеуметтік қолдаудың маңызын түсіндіру, көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсету арқылы адамгершілік, қайырымдылық, ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғалмаған топтағы оқушылардың құқықтарын қорғау және оларды қоғам өміріне белсене араластыруға жағдай жасау болып табылатынын түсіндірді. ДТЖЖО Н.Молдабекова мен әлеуметтік педагог К.Әбішбековалар онкүндік іс-шарасына сынып жетекшілер мен оқушыларды атсалысуға шақырып, бұл іс-шара мектебіміздегі осал топ оқушыларынын әлеуметтендіріу мәселесінің маңыздылығын айтып өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1HZhWW5y6o/?mibextid=wwXIfr |

|