Жазғы сауықтыру лагері
«Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №2120 хатына сәйкес «Шаян» мектеп -лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әлеуметтік қолдау жарқын болашақ кепілі» тақырыбындағы онкүндік іс-жоспарына сәйкес 18.11.2025 жылы мектепте ата –аналарға мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы туралы кеңес берілді. 2025-2026 мектебімізде осы санатқа жататын 5-11 сыныптар арасында 31 оқушы мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар 54 оқушы міндетті оқу қорынан киім кешек пен оқу құралдарына қаражат алды. Жазғы сауықтыру лагерінде 135 оқушы бос уақытарын тиімді пайдалана алды. Аталған қаулы көптеген осал топ отбасы оқушыларын әлеуметтендіруде өте зор ықпалын көрсетіп отыр.
|

