«Ешқайда апармайтын жол»
“Шаян” мектеп-лицей” КММ-де 29 қаңтар 2026 жылы 8-10 сынып оқушыларымен «Ешқайда апармайтын жол» тақырыбында алкогольдік сусындар, темекі, психотроптық және есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу бойынша дөңгелек үстел, пікірталас өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсерін жан-жақты түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Пікірталас дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында алкогольдік сусындардың жасөспірім ағзасына тигізетін зияны, темекі мен вейп өнімдерінің тәуелділік тудыруы, сондай-ақ психотроптық және есірткі заттарының адам өміріне, қоғамға және заң алдында жауапкершілікке әкелетін салдары кеңінен талқыланды. Оқушылар өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, нақты өмірлік жағдаяттар бойынша пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді. Пікірталас барысында оқушылардың белсенділігі жоғары болды, олар зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы өз ұсыныстарын айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді. Іс-шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағытталды. Қорытындылай келе, өткізілген пікірталас өз мақсатына жетті. Оқушылар зиянды заттардың салдары туралы толық мәлімет алып, салауатты өмір салтын таңдаудың маңызын түсінді.
![]() ![]() |

