« Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу
Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде « Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай –ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында өтілген іс-шараның жоспарына сәйкес 5-11 сынып оқушыларымен зиянды әдеттерге әуестігін нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегудің, ойынқұмарлық пен интернетке тәуелділіктің зияндары жайлы қаншалықты хабардар екенін зерттеу мақсатында психологиялық сауалнама жүргізілді.
Барлығы оқушылар саны – 288. Төмендегі сауалнама сұрақтары бойынша оқушылар өз жауаптарын берді.
Орта есеппен күніне интернетті қанша уақыт пайдаланасыз?
Интернетті қандай мақсатта пайдаланасыз?
Психологиялық зерттеу нәтижесі бойынша оқушылардың 99% зиянды әдеттердің денсаулыққа тигізетін әсері мен интернетке тәуелділіктің, ойынқұмарлықтың адам өміріне тигізетін кері әсері жайлы хабардар.
- Шылым шегу 7 оқушы - 0,9%
- Алкогольдін сусындарды 0 %
- Татып көргендер саның ішінде сыра татып көргендер 0 оқушы – 0%
- Есірткі қолдану 0 %
Сауалнама қорытындысы бойынша сынып жетекшілер мен ата-аналарға ұсыныс: Күнделікті бала тәрбиесі барысында нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегудің, ойынқұмарлық пен интернетке тәуелділіктің зияндары жайлы үнемі баламен бірге тәрбие сағаттары мен отбасында талқылап, дұрыс бағыт - бағдар беріп отыру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=620940079044786&id=100033863970199