Жазғы демалыс кезінде балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау
Түркістан облысы, «Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 08.05.2026 жылғы №1037 санды қатынас хатына сәйкес, “Шаян” мектеп-лицей” КММ-де 11–22 мамыр аралығында 1–11 сынып білім алушыларына «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай жеке қауіпсіздік сабақтары өткізілуде. Сынып сағаттарының алғашқы 10 минутында ұйымдастырылған бұл сабақтар оқушыларға жаз мезгілінде орын алуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу, жолда, суда, табиғатта және тұрмыста өзін дұрыс ұстау ережелерін түсіндіруге бағытталған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. # ЖаздағыЖекеҚауіпсіздік
|
