Конкурс жариялайды
«Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян» мектеп-лицей» КММ-сі тәлімгер бос лауазымына конкурс жариялайды
1 | Білім беру ұйымының атауы | Түркістан облысы білім басқармасы, Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян» мектеп-лицей»КММ |
орналасқан жері, пошталық мекенжайы | Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Б.Қарашаұлы көшесі №88, телефон нөмірлері: 8 (725-48) 2-17-88, электрондық пошта Shayan_litzei@mail.ru | |
2 | Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі | Тәлімгер, (вожатый, аға вожатый), 1 бірлік |
негізгі лауазымдық міндеттері | -балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді; -білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді; -балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады; -ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады; -балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді; -білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды; -білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді; -балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады; білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды; каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады; білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады; "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.; балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді; өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. | |
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары | - еңбек өтілі мен біліктілік санатына сəйкес төленеді; - арнайы орта білім (min): 161574 теңге; - жоғары білім (min): 171307 теңге | |
3 | Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары | жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. |
4 | Құжаттарды қабылдау мерзімі | 01-.09. 11.2023жыл |
Конкурс өтетін күн | 16.11.2023жыл | |
5 | Қажетті құжаттар тізбесі | 1) 10-қосымшаға сəйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куəландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы(нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттыңкөшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;. 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(бұдан əрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куəлік(болған жағдайда); 10) 11-қосымшаға сəйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы 11)тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрзентациясы, кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратылымдылығы -720х480. |