“Ғылыми таным: табиғатты зерттеу үштігі” атты апталық
12.11.2025 ж. күні мектебімізде “Ғылыми таным: табиғатты зерттеу үштігі” атты апталық аясында химия, биология және физика пәндері бойынша “Smartlab” зертханалық тәжірибелер өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар заманауи зертханалық құрал-жабдықтарды қолданып, келесі бағыттарда тәжірибелер жасады: - Химия пәні бойынша: 1. “Жанартау” 2. ”Отсыз түтін” 3. ”Жарақатсыз ота” - Биология пәні бойынша: 1. “Тағам құрамындағы С дәруменін анықтау” 2. “ Тағам құрамындағы нәруыз, көмірсу, майлардың бар екенін анықтау” 3. “Өсімдіктердегі зат тасымалы” - Физика пәні бойынша: 1. “Электролиз құбылысы” 2. ”Қысымның барлық бағытта бірдей таралуы” тәжірибелерін оқушылар жоғары дәрежеде орындады. Бұл тәжірибелер оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануына, ғылыми қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылар: химия, биология, физика пәні мұғалімдері.
|

