«Ғылыми таным: табиғатты тану үштігі»
Бүгін 10.11.2025ж күні "Шаян" мектеп-лицей" КММ-де «Ғылыми таным: табиғатты тану үштігі» атты химия, биология және физика пәндері апталығының ашылу салтанаты өтті! Апталықты бірлестік жетекшісі Самендирова Гүлмира (әкесінің аты) ашып, апталықтың мазмұны мен жоспарымен таныстырды. 🌿 Іс-шара барысында оқушыларға берекелі күздің қыры мен сыры, ырысы мен қуанышы туралы танымдық ойлар айтылып, олардың дүниетанымын кеңейту мақсатында қызықты сахналық көріністер мен көңілді тапқырлар ойындары ұйымдастырылды. 🎭 Көрермендерге жыл мезгілдерінің төресі — күз туралы әдеби монтаж ұсынылды. 🍎 Сонымен қатар, күнделікті тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулар және адам ағзасындағы химиялық элементтер жайында қызықты мәліметтер беріліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. 🎶 Апталықтың ашылуы пән мұғалімдерінің тақырыптық әнімен аяқталып, оқушыларға табыс пен шабыт тілегіне ұласты. 📚 Білімге құштар жас ұрпаққа — сәттілік! 🌟 #ШаянМектепЛицейі #ҒылымиТаным #ПәнАпталығы #БілімКүзі #ФизикаБиологияХимия https://www.facebook.com/share/v/1JyvN8NaTr/?mibextid=wwXIfr ![]() |
