29
апрель
2026
«Ғылыми таным: табиғатты тану үштігі»
«Шаян» мектеп-лицейінде ғылым апталығы жалғасуда! 🔬🧪🌱* «Ғылыми таным: табиғатты тану үштігі» атты химия, биология және физика пәндері апталығы аясында 11.11.2025ж. күні 8–11 сынып оқушылары арасында «Эврика» атты викториналық сайыс өткізілді. Оқушылар үш пән бойынша логикалық және тақырыптық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынға салды. Дұрыс жауап берген оқушылар түрлі сыйлықтармен марапатталды. 🏆✨ Сайыс арасында ұйымдастырылған «Көңілді үзіліс» оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әуен ырғағында сергіп алуға мүмкіндік берді. 🎶😊 Ғылыммен қызықты, креативті түрде айналысу – «Шаян» мектеп-лицейінде дәстүрге айналуда! #ШаянМектепЛицейі #ҒылымАпталығы #Эврика2025 #БілімЖарысы https://www.facebook.com/share/v/1BD1WfZFxC/?mibextid=wwXIfr ![]() |
