"21 ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалды сайыс
«Шаян» мектеп-лицей» КММ –сінде 10.12.2025ж күні тарих география бірлестігінің ұйымдастыруымен 08.12.2025-12.12.2025ж аралығында Тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты апталықтың жоспарына сәйкес тарих-география пәнінің мұғалімі М. Тулешов пен Н.Тұрымбетованың ұйымдастыруымен "21 ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалды сайыс өтілді. Өтілген іс-шара мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыруды, шығармашылық ойлауын дамытуды және отансүйгіштік рухын нығайтуды мақсат етеді. Сайыс барысында қатысушылар Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, география, елтану, табиғат ресурстары, әлемдік мәдениет пен ғылым салалары бойынша түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап береді. Интеллектуалды дода оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын және білімін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. "21 ғасыр көшбасшысы" сайысы — жас ұрпақты елінің тәуелсіздігін құрметтеуге, білімге ұмтылуға, көшбасшылық қасиеттерін шыңдауға бағытталған тәрбиелік мәні зор шара.
|
